Ағымдағы жылдың 7-9 қараша аралығында Алматы қаласында «Уран өнеркәсібінің өзекті мәселелері» тақырыбында IX Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұл жөнінде алғашқы конференция 2000 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бастамасымен өткізілген еді. Биылғы кезекті IX ХҒПК-2019 бас қосудың ұйымдастырушысы тағы да Ұлттық атом компаниясы болды, ал операторы «Волковгеология» АҚ.
Бұл конференцияның басты міндеті - Қазақстан мен басқа елдердің атом саласы кәсіпорындарын тұрақты дамыту мақсатына бағытталған өзекті ғылыми-технологиялық міндеттерді талқылау және оларды шешу жолында халықаралық ғылыми қоғамдастықтар мен заманауи материалдарды, техника мен жабдықтарды өндірушілерге мүмкіндіктер туғызу болып табылады.
IX ХҒПК-2019 жұмысына Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Украина, алыс шет елдерден: Франция, Германия, АҚШ, Жапония және басқа елдерден 250-ден астам өкілдер қатысты. Сондай-ақ, осы конференцияға «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС БН-350 РҚ радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеу бөлімінің басшысы Виктор Данилов қатысты. Ол жиналғандар алдында «БН-350 РҚ пайдаланудан шығару кезеңіндегі радиациялық қауіпсіздік, 1999 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде сұйық радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу» тақырыбында баяндама жасады.
Биылғы жылы IX ХҒПК-2019 алаңдарында атом саласындағы инновациялар, атап айтқанда уран өнеркәсібі мәселелері талқыланды. Соның ішінде: уран минералдық-шикізат базасын кеңейту және нығайту, оны болжау мен барлаудың заманауи әдістері; уранды жер астында шаймалау технологиясының тиімділігі мен қарқындылығын арттырудың өзекті мәселелері; реакторға дейінгі ядролық-отын циклінің технологиялары мен өзекті мәселелері – конверсия, байыту, ядролық отын өндірісі; сирек кездесетін металдар мен олардың негізінде жоғары технологиялық өнімдер өндірісінің тиімді технологиясы мен ресурстары; атом саласы кәсіпорындарының қауіпсіз жұмыс істеуі және техногендік қалдықтарды басқару; атом өнеркәсібіндегі энергия және ресурс үнемдеудің өзекті мәселелері және атом өнеркәсібінде сандық технологияларды қолдану; атом саласы қызметінің құқықтық, макроэкономикалық және білім беру аспектілері кеңінен сөз болды.
Осы іс-шара аясында «ҮМЗ» АҚ ЯТО және РМ ғылыми орталығы. Мүмкіндіктері және болашағы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Сонымен қатар IX ХҒПК-2019 секциялары бойынша стендтік баяндамалар ұсынылды.
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС баспасөз қызметі
********************************************************************************************************************************
C 7 по 9 ноября текущего года состоялась в городе Алматы IX Международная научно-практическая конференция по теме «Актуальные проблемы урановой промышленности». Первая конференция была проведена в 2000 году по инициативе АО «НАК «Казатомпром», который также выступает организатором проведения очередной IX МНПК-2019, а оператором является АО «Волковгеология».
Главная задача этой конференции - предоставление возможностей международным научным сообществам и производителям передовых материалов, техники и оборудования для обсуждения актуальных научно-технологических задач и их решения в целях устойчивого развития предприятий атомной отрасли Казахстана и других стран.
В работе IX МНПК-2019 приняли участие более 250 предстваителей из Казахстана, России, Кыргызстана, Украины, стран дальнего зарубежья: Франции, Германии, США, Японии и других стран. Также в конференции участвовал начальник ОПРО РУ БН-350 ТОО «МАЭК-Казатомпром» Виктор Данилов с докладом «Радиационная безопасность на этапе вывода из эксплуатации РУ БН-350, обращение с ЖРО в период с 1999 по 2019 год».
В этом году на площадках IX МНПК-2019 обсуждались вопросы инноваций в атомной отрасли, в частности, урановой промышленности, такие как: расширение и укрепление урановой минерально-сырьевой базы, современных методов ее прогнозирования и разведки; актуальные вопросы повышения эффективности и интенсификации технологии подземного выщелачивания урана; технологии и актуальные проблемы дореакторного ядерно-топливного цикла – конверсия, обогащение, производство ядерного топлива; ресурсы и эффективные технологии производства редких, редкоземельных металлов и высокотехнологичной продукции на их основе; безопасное функционирование предприятий атомной отрасли и управление техногенными отходами; актуальные вопросы энерго-и ресурсосбережения в атомной промышленности и применение цифровых технологий в атомной промышленности; правовые, макроэкономические и образовательные аспекты функционирования атомной отрасли.
В рамках этого мероприятия был проведен Круглый стол "Научный Центр ЯТЦ и РМ АО "УМЗ".Возможности и перспективы". Также были представлены стендовые доклады по секциям ІХ МНПК-2019.
Пресс-служба ТОО "МАЭК-Казатомпром"