15.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Сертификаттар табыс етілді

           Қауіпсіздік пен еңбек қорғау "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС қызметінде энергетикалық кәсіпорын жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады.
         24 маусым мен 4 шілде аралығында мұнда "Өндірісте қауіпсіздік пен еңбекті қорғау" жөнінде оқулар өткізілді. Оқу курсы мамандар мен бөлімшелер басшыларының даярлығын арттырып, сынақтан өткізуге арналды.
         Оқып шыққандар ішінен емтихан тапсыруда үш тыңдаушы ең жоғарғы көрсеткіш 80 балл жинады.  Қалған 22 тыңдаушы да "Aktau Training Center" ЖШС директорының орынбасары Мирдадаш Башировтың айтуынша жоғары балл жинап биіктен көріне білді, мұның өзі берілген тақырыптың тыңдаушылар тарапынан толық игерілгендігінің көрінісі еді.
         Тыңдаушыларға жоспарланған курсты меңгергендігі жөнінде сертификат тапсырылған бұл шара өндірісте жұмысшылардың жарақат алу жағдайларының алдын алып болдырмау мақсатында ұйымдастырылған болатын. Шараны ұйымдастырушылар олардың алған білімдері жұмыс барысында өз нәтижесін береріне нық сенімді.
         - Біздің жұмысымыз үздіксіз өндірістік процесс десек те арасында біліміміз бен кәсібилігімізді көтеру үшін осындай оқу мәселесін де ұмытпай уақыт табуымыз қажет. Күн сайын немесе жыл сайын оқып тиісті ережелерді пысықтап жүрсек те білікті, сауатты оқытушының дәрістерін тыңдағанда өзіңе қажетті тың жаңалықтарға қанығарың хақ,- деп №1 жылу-электр орталығының директоры Николай Самоилов оқу жәйлі ойымен бөлісті.
         - Мен Николай Александровичтің айтқанымен толықтай келісемін. "Оқу көптік етпейді" демекші, бұл оқу курсы дер кезінде ұйымдастырылды. Әрине, ережеге сәйкес өндірісте жұмыс жасайтын әр адам жұмысшыдан бастап басшыларға дейінг кәсіпорындағы қауіпсіздік пен еңбекті қорғау ісіне жауапты. Сондықтан оқытуға тиіс деп саналатын басқа қызметкерлеріміздің жалпы тізімін жасақтап, оларды да бүгінгі бағдарлама бойынша оқытуға сұраныс жасаймыз,- деді жөндеу зауытының бас инженері Алексей Новичков.
         Оқуды ұйымдастыру барысы жөнінде байланыс цехының басшысы Сергей Михаилов та өз ойын білдірді: "Оқыту орталығының деңгейі жоғары деуге болады. Орталық компьютерлік техникалармен жақсы жабдықталған, заңнамалық базасы да бай. Осы оқу орталығына бұдан былай да сәттіліктер тілей отырып, оқу сапасын онан әрі арттыру үшін заманауи интерактивті технологияларды кеңірек енгізу қажет деп санаймын".
         Бүгінгі сертификат алған қызметкерлерге алған білімдері жетістіктер ала келсін деп тілейміз.

Вручены сертификаты

       Безопасность и охрана труда является одним из важнейших факторов деятельности ТОО «МАЭК-Казатомпром» и рассматривается как неотъемлемая часть системы энергопредприятия.
            С 24 июня по 4 июля на комбинате было проведено обучение работников подразделений по программе «Безопасность и охрана труда на производстве». Курс был предназначен для подготовки и аттестации специалистов и руководителей подразделений. По его итогам три человека набрали наивысшие 80 баллов. Остальные 22, как отметил зам. директора ТОО  "Aktau Training Center" Мирдадаш Баширов, также оказались на высоте, набрав хорошие баллы, тем самым доказали, что заданная тема была усвоена положительно.
           Данное мероприятие, по окончании которого обучающимся были вручены сертификаты, проводилось в целях профилактики и обеспечения сокращения производственного травматизма. Организаторы надеются, что знания, полученные слушателями на курсе, обязательно пригодятся в работе. 
       - Основное наше производство - непрерывно, и на любую учебу обязательно нужно выкроить время. Как бы мы не читали правила, все равно что-то новое в ходе обучения открываешь для себя, тем более, когда преподаватель очень грамотный и знающий человек,- отметил Николай Самойлов, директор ТЭЦ-1.
            - Век живи - век учись! Учеба организована своевременно. Да, согласно правилам, все лица, занятые в производстве ответственны за безопасность и охрану труда на предприятии, включая руководителей структурных подразделений и рабочих. Осталось  составить список лиц, которых обязательно необходимо направить на обучение по этой программе,- сказал главный инженер ремонтного завода Алексей Новичков.
            Своими впечатлениями поделился и Сергей Михайлов, директор цеха связи: "Могу отметить высокий уровень обучающего центра. Он обеспечен компьютерной техникой, хорошо организована юридическая база. Желаю центру успешной работы, и для еще более качественного обучения использовать современные интерактивные технологии».