Жақында біздің кәсіпорынға еліміз өңірлеріндегі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің және энергия кәсіпорындарының баспасөз қызметінің өкілдері қонаққа келді. Кездесу республикалық NIS жүйесіндегі «Баспасөз хатшысы жұмысындағы ақпараттық және PR-басымдықтар» атты республикалық семинар аясында өтті. Бұл күні Қазақстанның 16 қаласынан келген баспасөз қызметінің өкілдері Маңғыстау энергокомбинатының өндіріс жұмыстарымен танысуға мүмкіндік алды. Әріптестерді әсіресе, кәсіпорынның жұртшылықпен байланыс бөлімінің жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарымен, жарнама агенттіктерімен өзара қызметтесу моделі қызықтырды.
Ақпараттық әдістемелік бөлім қызметкері Людмила Быкова қатысушыларға «Маңғыстаудың энергетикалық жүрегі», елу жылдық тарихы бар комбинаттың қалыптасу және даму кезеңдері туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді. Ал баспасөз қызметінің мамандары оларға өңірдің жетекші редакцияларымен жұмыс, екіжақты тиімді байланыстары туралы баяндады.
Өз кезегінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ баспасөз қызметінің жетекшісі Мира Алипинова МАЭКтік әріптестерін Астанаға қонаққа шақырып, жылы қабылдау мен әсерлі кездесу үшін алғысын жеткізді. Сондай-ақ интеллектуалдық мектептер оқушыларының өз қолдарымен жасаған бұйымдарын комбинат баспасөз қызметіне сыйлық ретінде табыстады. Сыйлықтар кәсіпорын мұражайына қойылды.
Встреча с коллегами НИШ
В ИМЦ состоялась встреча руководителей пресс-служб Назарбаев Интеллектуальной школы и энергопредприятия. Мероприятие прошло в рамках республиканского семинара системы NIS «Информационные и PR-приоритеты в работе пресс-секретаря». У представителей пресс-служб из 16 городов Казахстана появилась возможность ознакомиться с производством Мангистауского энергокомбината. Но, главной целью пребывания гостей являлось все же - узнать существующую модель взаимодействия отдела по связям с общественностью предприятия со СМИ.
Экскурсовод Людмила Быкова подробно рассказала присутствующим о становлении и развитии энергетического «сердца Мангистау», а специалисты пресс-службы поведали им о своей работе с ведущими редакциями региона.
В свою очередь руководитель пресс-службы АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» Мира Алипинова пригласила коллег из МАЭКа в столицу, поблагодарила за теплый прием и поддержку. Она также вручила подарки, сделанные руками учеников одной из школ, которые пресс-служба комбината передала в музей энергопредприятия.