15.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Қазақстан халықтарының бірлігі күні

       1 мамыр мерекесі бүкіл әлемде 150 жылдан бері тойланып келеді. Бұл күнді жарты ғасырдан астам уақыт Кеңес Одағы атап өтті. 1996 жылдан бастап Тәуелсіз Қазақстан осы күнді Қазақстан халқының бірлігі күні ретінде атап өтуде.  Мерекеде өткізілетін барлық іс  шаралар - халықтар бірлігі, ұлттар достығы мен өзара түсіністікті паш етуге арналады.
         Жыл сайын «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС ұжымы 1 мамырға арналған мерекелік шеруге белсене қатысады.   Өңір  энергетиктері биыл да салтанатты колоннада ұйымшылдықпен жүріп өтті.
        «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС  облыстағы ең ірі әрі маңызды кәсіпорындардың бірі. Мұнда түрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдері қызмет етеді. Ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің нағыз үлгісін де осы ұжымнан көруге болады.  
         МАЭК – 50 жыл бойы үздіксіз соғып тұрған Маңғыстаудың жүрегі. Өткен жылы  энергетикалық комбинат өзінің жарты ғасырлық мерейтойын атап өтті. Кәсіпорын  ұжымы келіп жеткен мерекені әдеттегідей  қомақты еңбек жетістіктерімен қарсы алды.
          Жыл басынан бері кәсіпорын  1 586 500 кВт/сағ электр энергиясын, 1 164 900 Гкал жылу, 2 678 900м3 ауыз су өндірді.
         Энергетиктер тұтынушыларды өмірлік ресурстармен толық қамтуды үздіксіз жүзеге асыра бермек.  Ел игілігі үшін сапалы қызмет етіп, әрқашан табыс биігінен көріну үшін  маэктіктер бүгінде бар күш-жігерін жұмсауда.

 С Днем единства народа Казахстана!

       1 Мая — праздник, который отмечают во всем мире уже более 150 лет. Более полувека эту дату с размахом отмечали в Советском Союзе. С 1995 года независимый Казахстан начал праздновать этот день, как День единства народа Казахстана. Главная задача всех мероприятий, которые проводятся в этот праздник -  демонстрация общности наций, дружбы и взаимопонимания.
     Ежегодно коллектив ТОО «МАЭК-Казатомпром» принимает  участие в праздничном шествии, посвященном 1 мая.  В моногочисленной колонне демонстрантов  дружно прошли и энергетики региона.
       Энергокомбинат представляет собой дружбу и единство мангистаусцев. Здесь трудятся представители разных народностей и вероисповеданий. Наравне с трудовыми приумножениями главным достоянием коллектива является межнациональное и межконфессиональное согласие.
         МАЭК – сердце Мангистау, бесперебойно бьющееся на протяжении 50 лет. В прошлом году Мангистауский энергетический комбинат отметил свой полувековой юбилей. Работники энергокомбината приветствуют Первомай своими достижениями на трудовом фронте.
     С начала года энергокомбинатом выработано 1 586 500 кВт/ч электроэнергии, 1 164 900 Гкал тепла, 2 678 900м3 питьевой воды.
         Энергетики  смотрять в будущее с верой и оптимизмом.  Для этого у них есть желание работать на благо страны  и бесперебойно обеспечивать потребителей всеми жизненно важными ресурсами.