22.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Президенттік тест

       13 қазан күні «Маңғыстау-Арена» спорттық кешенінде Маңғыстау облыстық Президенттік тест және Президенттік көпсайыс федерациясы мен Ақтау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған ашық чемпионат өткізілді. Бұл күні қаладағы еңбек ұжымдары жеңіл атлетика түрлерінен Президенттік тесттен өту жарыстарына қатысты. Бұл ауқымды шараға біздің кәсіпорын ұжымы да қатысып, жүлделі бірінші орынды иеленді. Комбинат спортшылары былтыр да осы шараның жеңімпазы атанған еді.
     Жалпыхалықтық дене дайындығын сынайтын спорттық шаралар кеңестік кезеңнен басталғаны белгілі. Ал еліміз егемендік алғаннан кейін бұл шара 1996 жылдан бастап «Президенттік тест» деген атаумен өткізіле бастады. Шараның  басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, халықтың денсаулығының, спорттық мүмкіндігінің қай деңгейде екенін анықтау. Ақтау қаласының 18 бен 70 жас аралығындағы тұрғындары биыл да бұл жарысқа белсене қатысып, өз мүмкіндіктері мен бақтарын сынады.
        Чемпионат барысында қатысушылар 60 және 100 метр қысқа қашықтыққа жүгіру, 500 және 1000 метр ұзақ қашықтыққа жүгіру, Ұзындыққа секіру, Алға ұзындыққа еңкею, Күш гимнастикасы,  Кеуде көтеру, Турникке тартылу секілді бірнеше спорт түрлерінен жарысты. Спорт кешенінің үлкен алаңында өткен сайысқа жастармен бірге егде жастағы аталар мен әжелер де қатысып, өз ұжымдарының абыройы үшін бәсекеге түсті. Жас келсе де спортты жанына серік еткен олар өздерінен әлдеқайда жас қатысушыларды басып озып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгеніне куә болдық. Біздің комбинат командасының ең жас қатысушысы 20 жаста болса, ең жасы үлкені 59 жаста болды.
        Қандай спорт түрлерінен жарыс болса да жүлдесіз болмайтын біздің қыздар мен жігіттер Елбасы сынағынан да мүдірмеді. Басқа қатысушыларға қарағанда маэктіктер дайындығы көп, дене қимылдары ширақ, кәсіби спортшылардан кем түспейтін мәрт екендіктерін көрсетті. Әйелдер арасында Қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері Семенова Мария, Дәрібай Дана, Таңатар Жазира, Өндірістік қауіпсіздік департаментінің маманы Валетова Ольга барлық жарыс түрлерінен 1,2-ші орындардан көрініп, МАЭК командасының ұпайын көбейтті. Ал 59 жастағы Жөндеу зауытының қызметкері Жалғасбай Төрекелдиев ерлер арасында өзінен асқан мықты жоқ екенін көрсетті. Сондай-ақ,  осы зауыттың тағы бір өкілі Борсақбаев Бахытжан және Қауіпсіздік департаментінен Шушаев Арман, Базарбай Бағдат, Оразғалиев Мирлан жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді.  Осылайша, МАЭК командасы 151 ұпаймен бірінші, Туризм колледжі 150 ұпаймен екінші, №1 орта мектебі 128 ұпаймен үшінші орынды иеленді.
       «Президенттік тесттен жүлделі орын алғанымыз біздің ұжым мүшелерінің салауатты өмір салтын ұстанып, еңбек пен спортты қатар алып жүретінін көрсетеді. Жалпы мұндай  жарыстарды өткізу бұқаралық спортты қарқынды дамытып,  халықтың денсаулығын нығайту бағытындағы өте игі шара дер едім. Комбинаттың барша қызметкерлерін спортпен шұғылдануға шақырамын»,- дейді комбинат командасын жасақтаған Қауіпсіздік  қызметінің басшысы Қаныбек Шайдуллин.  
           

Защитили честь комбината на президентских тестах

   Второй год подряд первой на открытом чемпионате г.Актау по видам испытаний президентских тестов среди трудовых коллективов становится команда ТОО «МАЭК-Казатомпром». В этот раз 130 человек приняли участие в соревнованиях.

     Уже третий год собираются представители учреждений и предприятий города, чтобы разыграть первенство в многоборье, которое включает прыжки в длину с места, спринтерский бег на 60м и 100м, бег на выносливость (500м, 1000м), тест на гибкость и силовая гимнастика (подъем туловища из положения лежа на спине – женщины, подтягивание на перекладине – мужчины).

    Дальнейшее развитие массового спорта и физической культуры в регионе, популяризация тестов Первого Президента РК являются главной целью проведения этих соревнований, говорят его организаторы. Чемпионат проходит при поддержке Актауского городского отдела физической культуры и спорта совместно с Федерацией по президентским тестам и президентскому многоборью Мангистауской области.

     В этом году на участие в чемпионате подали заявки 15 команд, а в личном первенстве были разыграны 12 комплектов наград в шести возрастных группах. 

     Отстаивали  честь энергокомбината Дана Дарибай (СБ), Жазира Танатар (СБ), Мария Семенова (СБ), Ольга Валетова (ДПБ), Багдат Базарбай (СБ), Арман Шушаев (СБ), Мирлан Уразгалиев (СБ), Бахытжан Борсакбаев (РЗ), Жалгасбай Турегельдиев (РЗ).

    В личном зачете в возрастной категории 40-49 лет отличилась Ольга Валетова, а Жалгасбай Турегельдиев стал первым в возрастной группе 50-59 лет.

    По словам представителя сборной команды МАЭК Каныбека Шайдуллина, состав участников чемпионата ежегодно меняется, но это не является преградой для завоевания медалей высшего достоинства. Работники комбината еще раз показали отличную физическую подготовку и достойно выступили на соревнованиях. 

     Лучше всех по итогам выступления в многоборье проявили себя работники ТОО «МАЭК-Казатомпром», набрав 151 очко. Второе место завоевали преподаватели и студенты КГУ «Мангистауский колледж туризма» (150 очков). Тройку сильнейших замкнула команда КГУ ОСШ №1, набрав 128 очков.