19.09.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

МАЭК - турнир жеңімпазы

       Халықаралық Каспий күні қарсаңында Ақтауда жағажай волейболынан жарыс болып өтті. Турнирге өңірдегі  ірі кәсіпорындардан 7 команда қатысты.

Шараны Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды.

      Тартысты өткен жарыстың нәтижесінде бас жүлде «МАЭК» ЖШС командасына бұйырды, ал екінші және үшінші орындарды «ММГ» АҚ және «СП «CASPI BITUM» ЖШС иеленді. Жүлдегерлерге арнайы  дипломдар мен ақшалай сертификаттар табыс етілді.

     «МАЭК» ЖШС командасы соңғы сегіз жыл бойы облыста өткізілген ерлер арасындағы волейбол  жарыстарының бәйгені қолдан бермейтін тұрақты жеңімпазы. Осы жылдар ішінде МАЭК командасы спортшыларын  кәсіпорынның Қауіпсіздік қызметінің басшысы Қаныбек Шайдуллин жаттықтырып, жеңістерге жетелеп келеді.

     - Жігіттерге өте ризамын, олар керемет ойын көрсетті. Нәтиже қуанарлықтай, жарыс жеңімпазымыз. Әрбір жеңісіміз команда мүшелерін тек спорт алаңында ғана емес, жұмыста да жаңа жетістіктерге ынталандырады деп ойлаймын, - деп атап өтті жаттықтырушы.

        Әріптестерімізді  кезекті жеңісімен құттықтаймыз!