06.09.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

«Жер-2024»

3-4 маусымда Қазақстанда «Жер-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Іс-шара мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің жер сілкінісінен туындаған төтенше жағдайларға ден қойып, дайындық деңгейін арттыруға арналған. «Жер сілкінісі кезінде ғимараттар мен аумақтардағы қауіпсіз алаңдарға қауіпсіз эвакуациялау жолдарын пысықтау.
Қызметкерлерді әкімшілік және басқа ғимараттардан эвакуациялау» тақырыбындағы оқу жаттығуы «МАЭК» ЖШС аумағында да өткізілді.


Сейсмикалық жаттығулар аясында энергокомбинат аумағында дабыл қағу құрылғылары іске қосылды. Кәсіпорын қызметкерлері қауіпсіз жерлерге жиналып, оқу жаттығу процесіне белсенді қатысты. «МАЭК» ЖШС жұмылдыру жұмысы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері шұғыл жағдайлардағы тиімді іс-қимылдар туралы әңгімелеп, комбинаттың барлық қызметкерлеріне нұсқаулық жүргізді.


«Жер-2024» республикалық оқу-жаттығуы төтенше жағдайларға үнемі дайындықта болудың және осы бағыттағы түрлі қызметтер мен ұйымдардың бірлесіп жұмыс істеуінің маңыздылығын көрсетеді. Азаматтық қорғаныс және Төтенше жағдайлар қызметкерлері мұндай жаттығулар азаматтардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге ықпал етеді дейді.