06.09.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Ақтау командасы Европа чемпионы

Қазақстан – Socca нұсқасы бойынша шағын футболдан Еуропа чемпионы атанды. Молдовада өткен Euro Cup финалында Ақтау қаласының «Атриум» әуесқойлар клубының базасында құрылған Қазақстан құрама командасы Хорватияны 3:0 есебімен жеңді.

Ақтаулық «Атриум» командасы өткен жылы Германияның Эссен қаласында өткен шағын футболдан Soccа World Cup халықаралық турнирінде әлем чемпионы атанған болатын.

Айта кету керек, жеңімпаз команда құрамында «МАЭК» ЖШС Бақылау-өлшеу және автоматика құралдарын жөндеу цехының қызметкері Ерлан Қаракұлов бар. Ол еліміздің командасын жеңіске жеткізген шебер ойыншылар қатарында болды.

Ерлан кәсіпорындағы еңбек пен спортты қатар алып жүрген жастардың бірі. Чемпион әріптесімізді, жерлестерімізді абыройлы жеңісімен құттықтаймыз!