22.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Мерейлі мереке/Золотой юбилей предприятия

   «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС маусым айының соңғы күндері өзінің 50 жылдық мерей тойын атап өтті. Облыс тұрғындарын толықтай электр энергиясымен, сонымен бірге Ақтау қаласын су, жылумен қамтып отырған іргелі кәсіпорынның тарихы өңір тарихымен біте қайнасып жатыр. Сонау алпысыншы жылдардан бастау алатын деректерге сүйенсек, түбектегі тіршілікке жан бітіру үшін, алдыменен жарық, су, одан соң жылу қажет болыпты. 1960 жылы жарты аралға теңіз арқылы алғашқы энергопоезд жеткізілді, 1962 жылы дизельді электр станциясы іске қосылды. Ал 1964 жылы дүние жүзінде тұңғыш жылдам нейтронды БН-350 атом реакторының құрылысы да Маңғыстауда басталды. 1961 жылы  30 мамырда арнайы құрылған теңіз суын тұшыту өндірістік  полигонындағы зертханада   дистилляттың алғашқы литрі алынды. Сол кездегі Кеңес үкіметіне қарасты республикалардан, орталықтан мамандар жолдамамен келіп, небір ғылыми жобаларды жүзеге асырды. Олардың барлығы дерлік комбинаттың, қаламыздың өсіп- өркендеуіне өмірлерін арнап, жарты аралды жанындай жақсы көретін жерлестерге айналды. Бүгінде еңбек ардагерлері құрметті зейнет жасында, біразы өмірден озды.

   Кәсіпорынның 50 жылдық мерекесі алдыменен қала орталығынан радиациялық апат құрбандарына арналған стеланың ашылуымен басталды. Салтанатты шараға облыс әкімі Ералы Тоқжанов, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС бас директоры Қайрат Әбдірасілов, Маңғыстау облыстық «Чернобыль» одағының төрағасы Юрий Кержбаум, қала әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова, облыстық Мәслихат төрағасы Серікбай Тұрымов, Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан маңғыстаулықтар, апат құрбандарының отбасы мүшелері қатысты. Бұл ескерткіш Ақтау қаласының 55 жылдығына  тарту ретінде кәсіпорынның демеушілігімен салынды.

 Мереке комбинаттың орталық алаңындағы алғашқы директор Дмитрий Юрченконың ескерткіші жанында жалғасты. Көптеген ғылыми жұмыстардың ұйымдастырушысы болған, кәсіпорын тарихында ерекше орын алатын тұлғаға құрмет көрсетіліп, гүл шоқтарын қоюға бас директор Қайрат  Әбдірәсілов бастаған комбинат басшылары мен қызметкерлері, еңбек ардагерлері мен қонақтар жиналды.

     Бұл күні аллеялар алаңында бой көтерген жаңа «МАЭК.50 жыл» стеласының да ашылу салтанаты өткізілді. Бұл комбинат қызметкері Владимир Романишиннің мерейлі мерекеге арнап тұрғызған туындысы. «Жергілікті Жетібай ұлу тасынан жасалған ескерткіште қолына алау көтерген адам бейнеленген. Алаудан шыққан үш сәуленің көрінісі  энергия, су, жылу деген мағынаны білдіреді.  Осылайша, мерекені, біздің кәсіпорын қызметінің маңыздылығын көрсететін бір жобаны дайындап, жүзеге асырдым. Өте қуаныштымын»-дейді автор. Бас директор Қайрат Әбдірасілов пен еңбек ардагері Петр Назаренко ескерткішті құрметпен ашып, мерекеге жасаған арнайы тартуы үшін авторға алғысын жеткізді.

    Салтанат кәсіпорынның орталық алаңында жалғасты. Алдыменен сөз алған комбинаттың бас директоры Қайрат Әбдірасылов мерекеге жиналған қызметкерлерді 50 жылдық мерейтоймен құттықтап, еңбектеріне жеміс, отбастарына амандық тіледі. Одан соң табысты еңбегімен көрінген бірнеше қызметкерді  Құрмет грамотасымен марапаттады. Мереке қонағы «ҰАК»Қазатомөнеркәсіп» АҚ ЯОЦ және атом энергетикасы жөніндегі бас директоры Бауыржан Ыбраев: «МАЭК Маңғыстау облысындағы ең ірі де іргелі кәсіпорындардың бірі. Өңірдің тыныс-тіршілігі сіздің кәсіпорынның қалыпты жұмысына байланысты. Сондықтан, МАЭК-Маңғыстаудың жүрегі деп бекер айтылмаған. Сіздердің осы маңызды әрі жауапты қызметтеріңізге табыс тілеймін. Мереке құтты болсын»,-деп өз лебізін білдіріп, еңбек озаттарын  «ҰАК»Қазатомөнеркәсіп» АҚ Құрмет грамотасымен, Алғыс хаттарымен марапаттады. Алаңда киіз үйлер тігіліп, келушілерге дастархан жайылды. Ал, Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаеваның ортаға шығып, құттықтап, ән салғаны мереке иелері үшін күтпеген сыйлық болды.

  Н.Жантурин атындағы драма театрында жалғасқан салтанатты мәжілісте кәсіпорын ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, 50 жылдық төс белгісімен марапатталды, сыйлықтар берілді. Сондай-ақ, комбинатта ұзақ жыл еңбек еткен қызметкерлерге «Самұрық-Қазына» АҚ,  Қазақстан энергетиктер ассоциациясы, «ҰАК»Қазатомөнеркәсіп» АҚ Мақтау қағаздары мен Алғыс хаттары, төс белгілері табысталды. Мерекелік мәжіліс соңы Халық әртісі  Роза Рымбаеваның концертімен жалғасты.

   Мереке комбинаттың туған күні 1 шілдеде теңіз жағалауында жалғасты. Арнайы ұйымдастырылған спорттық жарыстарда Атырау, Орал, Ақтөбе қалаларынан, облыстың қалалары мен аудандарынан келген палуандар белдесіп, гір тасын көтеріп жарысқа түсті. Жеңімпаздар арнайы кубоктармен, сыйлықтармен марапатталды.  Ал сахна төрінде комбинат қызметкерлері мен қала көркемөнерпаздарының бірлескен үлкен концерті қойылды.  

           *  *  *

    Мангистауский энергетический комбинат торжественно отметил свое 50-летие. Юбилейные мероприятия начались с открытия на Аллее Победы монумента памяти жертв радиационных аварий и катастроф.     
   В мероприятии приняли участие акимы Мангистауской области и города Актау, представители руководства АО «НАК «Казатомпром» и Посольства Украины в Казахстане, председатель профсоюза атомной промышленности РК, глава энергопредприятия, члены регионального союза «Чернобыль», общественных организаций и жители города.
 Минутой молчания почтили память погибших, отдав дань уважения ликвидаторам аварии на Чернобыльской атомной электростанции, жертвам радиационных катастроф.   
  Еще в 2013 году представителями Посольства Украины в Казахстане была передана капсула с горстью чернобыльской земли Мангистаускому областному Союзу «Чернобыль». Сегодня ее заложили в основание стелы дочери ликвидаторов аварии Виктора Завалишина и Кенебая Шайханова, не доживших до этих дней.
    По словам председателя регионального Союза «Чернобыль» Юрия Кержбаума, установки памятника в Актау ликвидаторы ждали 12 лет и сегодня эта мечта сбылась. 
   1 июля 1968 года – эта славная дата навсегда вошла в историю предприятия, также как и имя первого его руководителя Дмитрия Юрченко.
В рамках праздничных мероприятий, приуроченных 50-летию МАЭКа, состоялась церемония возложения цветов к бюсту первого директора Мангистауского атомно-энергетического комбината, который руководил предприятием почти четверть века. Участники юбилейных торжеств почтили память Дмитрия Сергеевича.
   Основой «золотого фонда» энергопредприятия являются его ветераны. Петр Назаренко, Владимир Тропин, Борис Томак, Анатолий Кандыба, Валерий Болгарин также приняли участие в открытии памятной стелы в честь юбилея комбината.
  Стела выполнена из Жетыбайского ракушечника. Высота ее достигает 3,6 метров. Автором стилизованной работы является художник предприятия Владимир Романишин.
  Нынешнее поколение энергетиков смогло пообщаться с теми, кто стоял у истоков создания и становления комбината и стал его гордостью. Во все времена на предприятии трудились преданные своему делу специалисты и профессионалы. На предзаводской территории состоялось торжественное награждение работников энергокомбината.
  С поздравительной речью выступил генеральный директор ТОО «МАЭК-Казатомпром» Кайрат Абдрасилов. Высокий профессионализм многочисленного коллектива отметил главный директор по ЯТЦ и атомной энергетике АО «НАК «Казатомпром» Бауыржан Ибраев. Трудовых успехов маэковцам также пожелал Касымжан Мадиев, Председатель профсоюза работников атомной промышленности РК.
  ТОО «МАЭК-Казатомпром» гордится своими специалистами, инженерами, лаборантами, мастерами, монтерами и механиками. Некоторые из них стали победителями конкурса «Лучший по профессии», который впервые за много лет был проведен среди работников энергокомбината. Его победители были награждены Почетными грамотами.
  Праздничные торжества продолжились в областном музыкально-драматическом театре им. Н.Жантурина. Здесь также состоялась торжественная церемония награждения работников предприятия наградами Министерства энергетики РК, АО «Самрук-Казына», Ассоциации «KAZENERGY». Подарком для комбината-юбиляра стал концерт народной артистки Казахстана Розы Рымбаевой.
  1 июля на набережной Актау были организованы соревнования по қазақша күрес и гиревому спорту.  Праздничные торжества закончились юбилейным концертом с участием работников предприятия и местных творческих коллективов.