Кәсіпорында Маңғыстау облысының еңбек инспекциясының өкілдерімен бірлесіп құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері мен басшыларына біліктілік разрядтарын қолданыстағы Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына (БТБА) сәйкес келтіру қажеттілігі туралы түсініктемелер берілді.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрықтарымен БТБА-ның тиісті шығарылымдарына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, орындалатын жұмыстардың көлемі мен күрделілігі сақтала отырып, кейбір кәсіптер бойынша разрядтар төмендетілді.
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, «МАЭК» ЖШС-нің 30 түрлі кәсіптері бойынша 101 қызметкердің разрядтары Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің Бірыңғай анықтамалығына сәйкес келтірілуі тиіс.
Сондай-ақ, кәсіпорын басшылығы МАЭК-те кемінде бір жыл жұмыс істеген қызметкерлерге тиісті разряд бойынша бос штат бірлігі болмаған кезде неғұрлым жоғары разряд беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдады. Бұл ретте еңбек және технологиялық тәртіпті бұзбау, өзінің еңбек міндеттеріне адал қарау маңызды болып табылады.