22.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Волейбол жарысы

  2-3 маусым күндері «Орбита» спорт кешенінде волейболдан «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-інің бас директоры Қайрат Айтайұлы Әбдірәсіловтың жүлдесі үшін МАЭК-тің құрылғанына елу жыл толу мерекесіне арналған турнир өтті.
     Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған комбинаттың бас директоры Қайрат Айтайұлы жиналғандарға осы шараға қатысуға тілек білдірген командаларды таныстыра келе, олардың баршасына әдемі, сәтті де жеңісті ойын тілеп, турнирді ашты.
   Турнирге қатысуға жеті команда келісім берді, олар Маңғыстау облысында кенжелеп калған спорт түрі волейболды жандандыруға федерацияға бірігіп күш салып жүрген бүгінгі күнгі айтулы «Маңғыстаумұнайгаз», «Өзенмұнайгаз», «Каспийбитум», «ОйлСервисКорпорейшн», «Казтрансойл», «Қаражанбасмұнай» және «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС командалары.
     Турнирге халықаралық дәрежедегі төреші Аян Рахметов төрелік жасады.
Екі күнге созылған жарыс командалар арасында өте тартысты өтті. Турнир жеңімпазы деп танылған «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС командасы үшін жартылай финалға өту ойынындағы жеңіс қиынға түсті. Бұл ойында олардың қарсыласы «Өзенмұнайгаз» командасы. «Өзенмұнайгаз» ойыншылары шеберлігімен көзге түсіп жүрген, жыл сайын облыс орталығында өтетін түрлі жарыстарға тұрақты қатысып жүрген өте тәжірбиелі команда.
   Ойын басында МАЭК командасы қарсыласынан 7:0 есебімен жеңіліп жатты. Алайда, команда мүшелері уақытша жеңіліске бола мойымай тұрақтылық көрсетіп, ойын барысн өз пайдасына бұру мүмкіндігіне ие болды.
Финалда «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС командасы «OSK» командасымен ойнады. Бұл команда да облыс көлеміне белгілі танымал топ, облыстық кәсіподақтар федерациясының турнирінде чемпиондық тәжін қанжығасына байлаған команда.
    Финалда Ережеге сәйкес бес партия ойналуы керек болатын. Алайда, алғашқы үш партия бойынша бір команданың қатарынан жеңіске қол жеткізуі нәтижесінде финал ойындары мерзімінен аяқталып, турнирдің чемпиондық кубогі «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС командасына тиесілі болды. Ойын болған соң жеңіс те, жеңіліс те болуы шарт. Қуанарлығы сол, ойын әділ өтті, турнирге қатысқан командалар тарапынан әттеген-ай дегізерліктей жағдайлар орын алған жоқ.
Турнирдің ережесіне сәйкес үш жүлделі орынмен қатар «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы», «Үздік байланыстырушы» деген үш номинация белгіленген еді. Ойын нәтижесінде жүлделі 1-орын алаң иелеріне, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС командасына бұйырса, 2-орынды «ОйлСервисКорпорейшн», 3-орынды «Маңғыстаумұнайгаз» командалары иеленді.
 Жарыс қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС командасының ойыншысы Жұрханов Ғали Қараманұлы «Үздік қорғаушы», «Маңғыстаумұнайгаз» командасының ойыншысы Ашыққалиев Айтбай Жолдыбайұлы «Үздік шабуылшы», «OSK» командасының ойыншысы Жаришев Аман Сержанұлы «Үздік жалғастырушы» номинациялары бойынша жеңімпаз боп танылды.

Турнир по волейболу

   3 июня копилка спортивных побед комбината пополнилась также Кубком по волейболу. Победителем турнира на приз генерального директора ТОО «МАЭК-Казатомпром», который проходил в первых числах лета, стала команда энергетического комбината.

  В соревнованиях приняли участие семь команд - «Мангистаумунайгаз», «Узенмунайгаз», «Каспийбитум», «ОйлСервисКорпорейшн», «Казтрансойл», «Каражанбасмунай» и «МАЭК-Казатомпром». На церемонии торжественного открытия с приветственной речью выступил руководитель энергопредприятия Кайрат Абдрасилов, который пожелал участникам турнира удачи, спортивного азарта и победы.

   Двухдневные игры были очень жаркими. Все волейболисты настроились по-боевому и показали сплоченность и стремление к победе. Команды были разделены на две группы. В ходе напряженного группового этапа в плей-офф пробились сильнейшие. В финале сошлись представители энергокомбината и ОСК.  Последние являются чемпионами областного турнира федерации профсоюзов.

  Эмоциональной и насыщенной оказалась игра фаворитов данных соревнований. Однако команда МАЭКа показала высокую концентрацию и сплоченность. В итоге энергетики завоевали титул чемпиона турнира. Победа - результат упорных тренировок, а также демонстрация сильного командного духа, - говорят волейболисты энергокомбината. 

   Серебро и бронза достались представителям нефтяной отрасли. Вторыми стала команда «ОйлСервисКорпорейшн», третье место у «Мангистаумунайгаз» соответственно.

   По итогам соревнований решением арбитров «Лучшим защитником» турнира стал игрок команды ТОО «МАЭК-Казатомпром» Гали Журханов, «Лучший нападающий» - Айтбай Ашыккалиев (Мангистаумунайгаз), «Лучшим связующим» был признан игрок команды «OСK» Аман Жаришев.