17 қаңтарда комбинат басшылығының МАЭК қызметкерлерімен кездесуі одан әрі жалғасты. Кездесуге «YNTYMAQ» кәсіпкерлік қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағының төрағасы Төлеген Шайымов және «YNTYMAQ» бастауыш кәсіподақ ұйымының басшысы Асқар Қойшыбай қатысты.
Кездесуде кәсіподақ мүшелері тарапынан берілген сұрақтар талқыланып, оларға тиісті басшылар жауап берді. Кейбір мәселелерді шешуге уақыт қажет, ал кейбір сұрақтарды жеке отырыс жасап қарастыруға шешім қабылданды.
Жиын соңында жұмыскерлермен кездесулерді тұрақты негізде өткізіп тұруға шешім қабылданды.