03.05.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Еңбегімен еленген

«МАЭК» ЖШС-нің тағы үш қызметкері кәсіподақ ұйымдарының марапаттарына ие болды. Жергілікті кәсіподақ төрағасы Мұрат Ізбаев иегерлерге «Құрмет белгісі» медалін және Құрмет грамоталарын табыстады.

Меньшенин Сергей Николаевич комбинатта 40 жылға жуық еңбек етті. Осы жылдар ішінде ол кәсіподақ мүшелерінің қатарында болды. Комбинаттың еңбек сіңірген қызметкері және құрметті еңбек ардагері - Сергей Николаевич Бақылау-өлшеу құралдары және автоматика жөндеу цехының Жөндеу, монтаждау, реттеу учаскесін басқарады. Бүгінгі күнге дейін кәсіпорынның негізгі жабдықтарын жөндеу жұмыстарында БӨҚжА ЖЦ тарапынан оның басшылығымен атқарылған бірде-бір жұмыста үзіліс болған жоқ. Сергей Николаевич көп жыл Ш.Есенов атындағы Ақтау университетінде дипломдық жобалардың ғылыми жетекшісі болды. Оның есімі күштік спорт әлемінде кеңінен танымал. Сергей Меньшенин пауэрлифтингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, халықаралық санаттағы төреші. Ал 2022 жылдың мамыр айында ол ардагерлер арасында пауэрлифтинг бойынша әлемнің күміс жүлдегері атанды.

Бүгін Сергей Николаевичтің медальдар қоржыны тағы бір медальмен толықты. Электр энергетикасы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Сергей Меньшенин Қазақстандық энергетиктер салалық кәсіподағының «Құрмет белгісі» медалімен марапатталды. 

Комбинатта 1994 жылдан бастап жұмыс істейтін Өртке қарсы профилактика жөніндегі аға нұсқаушы Севда Гидаятова Энергетика саласындағы көпжылдық мінсіз еңбегі үшін Қазэнергокәсіподағының Құрмет грамотасымен марапатталды.  Севда өз мамандығын жазбай таңдаған, әрі сүйіп атқаратын қызметкерлердің бірі. МЕӨҚҚ бастығы Вусал Юсифовтың айтуынша, Севда Надировна қиын жағдайларда өз бетінше шешім қабылдай алатын, өзіне тиісті міндеттерін тиянақты орындайтын өте жауапты және білікті маман. Оны ұжымдастары да аса құрметтейді, үлгі тұтады.   

«Электропрофсоюз» Халықаралық кәсіподақтар бірлестігі Кеңесі ЖЭО-2 ТПБАЖ бөлімінің Құралдар мен аппаратураларды жөндеу жөніндегі мастері Сакен Бұйрашевты Құрмет грамотасымен марапаттады. Сәкен комбинаттағы еңбек жолын 2007 жылы Жөндеу зауытында токарь қызметінен бастады. Біраз уақыттан кейін ЖЭО-2 Жылу автоматикасы және өлшеу цехына ауыстырылды. Ол Маңғыстау энергетикалық колледжін және Орал қаласындағы Қазақстандық инновациялық және телекоммунакациялық жүйелер университетін бітірген. Қазіргі уақытта Сәкен турбоагрегаттардың механикалық шамаларын өлшейтін, бақылайтын жаңа құралдарды және технологиялық қорғау, дабыл беру схемаларын енгізумен, жаңа заманауи электр құралдарын қолданысқа еңгізумен және оны жас мамандарға үйретумен айналысады.

Өткен жылы «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» Жергілікті кәсіподақ мүшелері - энергетикалық кәсіпорынның 56 қызметкері кәсіподақ ұйымдары тарапынан марапатталды. Комбинаттың кәсіподақ өміріне белсене араласып, қызметін де абыройлы атқарып жүрген әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз!