«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-інде 50 жылдық мерейтойы қарсаңында комбинатта қабырға газеті бойынша байқау ұйымдастырылды. Осы конкурсқа комбинаттың барлық бөлімшелері белсене ат салысты. «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС кәсіподақ төрағасы Т.А.Пунтусова, кадр бөлімінің бастығы Л.Касымбекова, әкімшілік-шаруашылық бөлімі бастығының қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары Г.Абубакиров, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС «НұрОтан» партиясы бастапқы ұйымының хатшысы А.Утекова бастаған қазылар алқасы конкурсқа қатысушыларды аралап жүріп, төрелік етті. Сайыс шеңберінде 14 қабырға газеті ұсынылды.
Жюри мүшелері қатысушылардың шексіз қиялы мен творчествалық мүмкіндіктерін дайындаған жұмыстарынан көруге болатындығын атап кетті. Конкурстық тапсырманы орындау барысында кәсіпорнымыздың барлық қызметкерлері өздерінің кәсібилігі және ойлап тапқыштығы қырынан танылды. Мысалы ЖЭС ұжымының ұсынған жұмыстары арасында мерекелік қабырға газетінен бөлек өткен жылдар елегінен өтіп, қазіргі таңға дейін сақталған қабырға газеттері алқа мүшелерінің назарына ілікті. Ал, ұзындығы шамамен 3 метр болған қабырға газеті ЖЭО-2 №1 ӘШК ғимаратында орналасты. Жөндеу зауытының газеті өзінің ақындық қырымен ерекшеленді.
Әрбір катысушы өздерінің мерекелік қабырға газеттерінде ұжымдастарын комбинаттың жарты ғасырлық мерекесімен құттықтап, ескі ақ-қара суреттерде комбинаттың құрылу тарихы мен әрбір бөлімшенің жетістіктері туралы баяндалды. Дайындаған материалдарды көріп алқа мүшелері ішіндегі аға буын – еңбек ардагерлері өздерінің жас кездерін, қызықты сәттерді, бірге жұмыс жасаған әріптестерін еріксіз естеріне алды. Осылайша, ұсынылған қабырға газеттерінің алдына қойылған талаптар толық орындалды.
Барлық бөлімшелердің жұмыстарын қарап өткен қазылар алқасына шешім қабылдау оңайлыққа түскен жоқ, десекте қабырға газеттері ішінен үздіктерін таңдау керек. Сонымен, бірінші орын - ЖЭО-2-нің творчествалық ұжымына бұйырды. Олардың жұмысы барлық жағынанда үздік танылды. ЖЭС пен Жөндеу зауытының ұжымы да өздерін әр қырынан танытып, екінші орынды – ЖЭС, ал үшінші орын – Жөндеу зауытының қоржынына байлады.
Қорытындылай келе, жюри мүшелері барлық қызметкерлерге, бөлімшелер мен қызмет басшыларына осындай байқауда белсенділік танытқаны үшін алғыс айтып творчествалық белестерде одан әрі жетістіктерге жетулерін шын ниетпен тіледі.
Конкурс стенгазет
В ТОО «МАЭК-Казатомпром» был проведен конкурс стенгазет, приуроченный празднованию 50-летия Мангистауского энергетического комбината. Все подразделения приняли в нем самое активное участие. Выездная комиссия, в состав которой вошли председатель профсоюза «МАЭК-Казатомпром» Пунтусова Т.А., начальник отдела кадров Касымбекова Л., заместитель начальника административно-хозяйственной части по связям с общественностью Абубакиров Г., секретарь первичной партийной организации «НурОтан» «МАЭК-Казатомпром» Утекова А., ознакомилась с работами на местах. В рамках конкурса было представлено 14 газет.
Члены комиссии отметили, что фантазия и творческие возможности участников конкурса безграничны. Все работники предприятия подошли к конкурсному заданию изобретательно и профессионально. Так, например, коллектив ТЭС, помимо юбилейной стенгазеты, предоставил вниманию жюри также несколько работ прошлых лет, а самая большая, длина которой составила около 3 метров, удобно разместилась в фойе здания АБК-1 ТЭЦ-2. Газета Ремонтного завода отличилась своей поэтичностью.
Почти каждая команда оформила в своей праздничной газете поздравления с полувековым юбилеем родного комбината. Фотографии, размещенные здесь, отражали историю образования и становления предприятия, рассказывали о достижениях каждого подразделения. Рассматривая их, некоторые члены комиссии даже погрузились в воспоминания о своих молодых годах, невольно в памяти всплыли интересные истории с участием бывших сослуживцев. Таким образом, члены жюри пришли к выводу, что представленные стенгазеты, в определенной степени, выполнили поставленную перед ними задачу.
Тем не менее, рассмотрев работы всех подразделений, комиссия решила присвоить первое место творческому коллективу ТЭЦ-2. Их газета оказалась признана лучшей по всем параметрам. Отлично поработали над своими стенгазетами, которые также были многогранны, коллективы ТЭС и РЗ. Они то и стали обладателями 2 и 3 места соответственно.
Подводя итоги, жюри поблагодарило всех работников, руководителей подразделений и служб за активное участие в подобном смотровом конкурсе и пожелало дальнейшего совершенствования в творческом поприще.