Көгілдір көктемнің соңғы айы мамыражай мамыр да кеп жетті жер әлемге. Жанға шуақ сыйлайтын мерекелі ай әрқайсымыздың жүрегімізге жылу ұялатып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда. Айдың алғашқы онкүндігінде елімізде үш бірдей мереке аталып өтеді.
Шетелдердегі секілді мағынасы жоқ құр думан емес, әр атаулы күннің өзіндік мәні, тарихы мен маңызы бар. Қазақстан халықтарының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні...
Барша қазақстандықтардың бүгінгі таңдағы басты жетістігі - бейбітшілік, ұлтаралық татулық және діндераралық келісім болып табылады. Ең маңыздысы - қоғамымызда еліміздің тәуелсіздігін одан әрі баян етіп, іргесін бекіте түсетін бірлік пен ынтымақтастық берік орнаған. Қазақстанның әр азаматы өркендеу мен өсуге, бақыт пен байлыққа жеткізер осынау қасиетті ұғымдардың қадір-қасиетін терең сезінеді. Елімізді мекен еткен жүздеген ұлт өкілдері ортақ мүдде, жарқын болашақ жолында бір кісідей жұмылып, еңбек етуде. Айдың алғашқы күні көпұлтты Қазақстан халқы ынтымақ пен достықтың, бейбітшілік пен бірліктің туын желбіретіп, осынау мерекеде халықтар достығы мен ұлттар тұтастығының нағыз үлгісін паш етеді.
1 мамыр күні Ақтау қаласының орталық алаңына жиналған қала тұрғындары, ұлттар мен ұлыстардың өкілдері мерекелік шеруге қатысып, бұл күнді ерекше сән-салтанатымен атап өтті. Шерушілердің алдыңғы қатарында құрамында 32 түрлі ұлт өкілі бар облыстағы ірі кәсіпорындардың бірі «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымы да жүріп өтті. Шеруге ата-аналармен бірге қатысып, жалаушаларын желбіреткен балапандарымыз да масаттанып, қолдарын бұлғап, шар ұшырып, үлкен қуанышқа бөленді.
Өзінің жарты ғасырлық мерейтойын атап өткелі отырған комбинат ұжымы мерекені айтарлықтай табыспен қарсы алды. Жыл басынан бері кәсіпорын 1 629 720 058 кВт/с электр энергиясын, 1 515 570 Гкал жылу, 3 444 186 м³ ауыз су өндірді. Тұтынушыларды қажетті ресурстармен қамтуда да кідіріс болған жоқ.
Облыс әкімі Ералы Тоқжанов Ұлы дала елінде, бір тудың астында достығы жарасқан көп ұлтты Маңғыстау халқына өз лебізін арнап, жарқын болашаққа ортақ жол салуға жұмылған еңбектеріне табыс тіледі.
Мереке түрлі ұлттық-мәдени орталықтар ұйымдастырған көрмелер, концерттер мен спорттық жарыстар қызығымен, қала халқының көпшілік серуенімен жалғасты.
МАЭК принял участие в первомайском шествии
Солнце и по-летнему жаркая погода порадовали жителей областного центра. Первомайская демонстрация объединила огромное число людей. В многочисленной колонне демонстрантов прошли представители образования и здравоохранения, нефтегазовой и банковской сферы, этнокультурных объединений и молодежных организаций.
Праздничное шествие растянулось вдоль всей центральной улицы. Вместе с тысячами актаусцев в нем приняли участие и работники крупнейшего энергетического предприятия в Западном регионе Казахстана - ТОО «МАЭК-Казатомпром». В первом ряду гордо шли ветераны труда, заслуженные работники комбината, за плечами которых годы упорной, бескорыстной работы на благо родного предприятия. И сегодня они дают молодым пример активной жизненной позиции и оптимизма.
- День единства – это демонстрация нашей силы, солидарности и уважения к человеку труда. Мы всегда старались работать с максимальной отдачей и ныне возлагаем большие надежды на молодое поколение. За ними, как говорится, продолжение истории нашего предприятия, города и всей страны. Сплоченности, взаимопонимания и мира желаю всему казахстанскому народу, - говорит заслуженный работник комбината, обладатель государственной награды «Ерен еңбегі үшін» Калдыбай Ускинов.
Энергокомбинат отожествляет собой дружбу и единство народа Казахстана. Здесь трудятся представители разных народностей и вероисповеданий. Наравне с трудовыми приумножениями главным достоянием коллектива является мир, межнациональное и межконфессиональное согласие.
- Ежегодно наша многонациональная семья выходит на праздничную демонстрацию, посвященную Дню единства народа Казахстана. Мы очень любим этот добрый весенний праздник, который проникнут духом дружбы и солидарности народов, - говорит Владимир Тюлегенов, начальник отдела защиты информации. В свою очередь шестилетняя дочка Владимира Хайретдиновича Алина пожелала всем счастья, добра и мира.
МАЭК – сердце Мангистау, бесперебойно бьющееся на протяжении 50 лет. В этом году Мангистауский энергетический комбинат готовится встретить свой полувековой юбилей. Работники энергокомбината приветствуют Первомай своими достижениями на трудовом фронте. С начала года ТОО «МАЭК-Казатомпром» выработано более полутора миллиона киловатт-часов электрической энергии (1629720058 кВт/ч (1,6 млн.кВт.ч), более миллиона гигакалорий тепла (1515570 Гкал (1516 тыс. Гкал), около трех с половиной миллионов кубических метров питьевой воды (3444186 кубических метров (3444 тыс.м³).
Сегодня энергетики с оптимизмом и верой смотрят в будущее, и готовы продолжать трудится на благо родного региона, тем более что для этого есть и желание, и высокий профессионализм.