06.05.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

10 қазан - ҚР Кәсіподақтар күні

                  Бүгін «МАЭК» ЖШС кәсіподақ ұйымдары өздерінің төл мерекесін атап өтті. Салтанатты жиында Бас директордың өндіріс жөніндегі және БН-350 РҚ бойынша орынбасары Мұрат Иғалиев кәсіподақ мүшелерін мерекемен құттықтап, үздік еңбегімен ерекшеленген бірқатар қызметкерлерге кәсіпорын басшысы атынан Алғыс хаттар табыстады.

            Кәсіпорындағы «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» Жергілікті кәсіподағының төрағасы Мұрат Ізбаев және «YNTYMAQ» кәсіподағының төрағасы Асқар Қойшыбай ұйым мүшелерін атаулы мерекемен құттықтап, алдағы уақытта да кәсіпорынды өркендетуге атсалысып, кәсіподақ қозғалысында белсенді болуға шақырды. Екі ұйымның қоғамдық жұмыстарына араласып, қызметте де алда болған бір топ кәсіподақ мүшелеріне Алғыс хаттар табысталды.

            Тарихы кәсіпорын өмірімен тығыз байланысты «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» Жергілікті кәсіподағының құрылғанына биыл 55 жыл толып отыр.   Ұйымның ең алғашқы конференциясы 1968 жылдың 18 қыркүйегінде өткізіліп, 13 мүшесі бар кәсіподақ комитеті құрылған болатын.

            Осы жылдар ішінде ұйым мүшелерінің ұйымшылдығы мен тәжірибесі арқасында ұжымдағы күрмеуі қиын көптеген мәселелер оң шешімін тапты.

            2021 жылдан бастап комбинатта «YNTYMAQ» кәсіподағы құрылып, өз жұмысын бастады.

            МАЭК кәсіподақ ұйымдары өз мүшелерінің еңбек құқықтарының жан-жақты қорғалып, әлеуметтік жағдайларын жақсарта түсу мақсатындағы жұмыстарын жемісті жүргізуде.

            Кәсіподақ ұйымы қарапайым еңбеккерлердің әлеуметтік мүддесін қорғайтын, жұмыс беруші мен арада туындаған мәселелердің оңтайлы шешімін табуға атсалысатын басты ұйым.