"МАЭК" ЖШС ЖЭС №1 энергоблоктың жөндеу жұмыстары аяқталды. Жұмыс барысында қазандықтың оң жақ тұзды бөлігіндегі зақымдалған 5 экрандық құбыр ауыстырылды. Бұған дейін сол жақ тұзды бөлігінде 12 құбыр ауыстырылған болатын.
Барлық монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін кәсіпорын қызметкерлері дәнекерленген құбырлар металдарын бақылаудан өткізіп, гидравликалық сынақтар жүргізді.
Энергоблок 17 тамызда іске қосылды. МАЭК мамандары апаттық жағдайды тезірек жою мақсатында үздіксіз, тәулік бойы қызмет етті. Соның нәтижесінде, №1 энергоблоктағы жөндеу жұмыстарын жоспарланған мерзімнен бұрын аяқтады.