Кеше, 11 тамызда сағат 15.25-те 142 МВт жүктемесі бар ЖЭС-тегі №3 энергия блогы ажыратылды.
МАЭК мамандары энергоблоктың тоқтау себептерін 14 тамыз сағат 24.00-ге дейін анықтауды және жоюды жоспарлап отыр.
12 тамызда сағат 11.00-де мәлімет бойынша бірқатар кәсіпорындарға шектеулер бар.
Маңғыстаудың тұрмыстық тұтынушыларына "МАЭК" ЖШС тарапынан электр энергиясы және сумен жабдықтауда шектеулер жоқ.
Комбинат қызметкерлері Энергоблогтың жұмысын тез қалпына келтіру үшін барынша күш салуда.
Айта кетейік, "2023 жылдың 1 шілдесінен бастап электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына ҚР Энергетика министрлігінің "Есеп айырысу-қаржы орталығы" ЖШС-і "Электр энергетикасы туралы" ҚР Заңы аясында Бірыңғай сатып алушы болып енгізілді. Осыған байланысты, станциялардың электр энергиясын авариялық ажырату кезінде, яғни теңгерімсіздік пайда болған кезде " ҚР бойынша жүйелік оператор "KEGOK" АҚ электр жүйесін теңгерімдеуді қамтамасыз етуі тиіс.