Бүгін «МАЭК» ЖШС-де ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовтың басшылығымен кеңес болып өтті. Кеңесте кәсіпорынның алдағы 2023-2024ж.ж жылу маусымына дайындық мәселелері талқыланды.
Кәсіпорында жүргізіліп жатқан ағымдағы жұмыстар туралы «МАЭК» ЖШС Бас директоры - Басқарма төрағасы Жасұлан Сүйіншалиев баяндама жасады. Ол облыстық бюджеттен және ҚР Үкіметінің резервінен бөлінген қаражатты тиімді пайдалану мақсатында қабылданып жатқан қысқа мерзімді шаралармен және комбинатты жаңғырту жоспары бойынша жүргізілетін ұзақ мерзімді перспективалық жұмыстармен таныстырды. Сонымен қатар, биыл кәсіпорында жаңа су тұшыту қондырғыларын салу және жұмыс істеп тұрған қондырғылардың өнімділігін арттыру бағытындағы жұмыстардың да басталғаны туралы әңгімеледі.
Кеңес барысында МАЭК тұрғындарды барлық өмірлік ресурстармен қамтитын маңызды кәсіпорын болғандықтан мұндағы жылу маусымына дайындық мәселесі де барынша назар аударуды талап ететіні аталып өтті.
Кеңесте бірқатар қордаланған мәселелерді шешу жолдары және басқа да өзекті мәселелер талқыланып, кәсіпорын басшылығына тиісті тапсырмалар берілді.