Кезекті өртке қарсы жаттығуды МЕӨҚҚ бөлімшесінің қызметкерлері кәсіпорынның 201 ғимаратында өткізді. Бұл жолғы өрт сценарий бойынша жертөледегі бір бөлмеде болған қысқа тұйықталудан пайда болды.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін осы ғимараттағы кәсіпорын басқармасының барлық қызметкерлері дереу эвакуацияланды.
5 минуттан кейін шартты өрт орнына МӨҚҚ бөлімшесі келіп жетіп, оны сөндіруге және оқшаулауға кірісті. Өрт сөндіру қызметкерлері үй-жайларда, объектіде адамдардың бар-жоғын тексеріп, өрт ошағын жоюды ұйымдастырды.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді жұмысының арқасында шартты өрт сөндірілді.
Жаттығу барысында өртке қарсы қызмет бөлімшесінің комбинат басқармасының басқару құрамымен үйлесімді өзара іс-қимылы пысықталды.
«Негізгі мақсат - персоналдың өрт шыққан кездегі шұғыл әрекет етуге дайындығын жетілдіру. Осындай жаттығулар барысында ғимараттағы қызметкерлердің өз бетінше, жағдайды тез және дәл бағдарлай білу, өрттің алдын алу немесе өртті тез жою бойынша тәжірибелері жинақталады», - деп атап өтті Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің қарауыл бастығы Сергей Гутенев.