15.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

«МАЭК» - 55 жыл

«МАЭК» ЖШС - өңір тұрғындарын энергоресурстармен және ауыз сумен қамтамасыз ететін бірден-бір кәсіпорын. Мерекеге  арнайы келген аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев кәсіпорынның бірқатар қызметкерлері мен  энергетика саласының ардагерлеріне марапаттар табыстады.      ҚР Энергетика министрлігінің «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалімен кәсіпорынның 20 қызметкері, «Құрметті энергетик» және «Еңбек сіңірген энергетик» төсбелгілерімен 36 қызметкері марапатталды. Нұрлан Ноғаев сондай-ақ кәсіпорынның еңбек ардагерлері мен үздік қызметкерлеріне Маңғыстау облысының әкімі мен Маңғыстау облысы мәслихаты төрағасының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын табыстады.

- Өңірдің қалыптасу және даму тарихында Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты ерекше орын алады. Өзінің жарты ғасырдан астам тарихында комбинат көптеген баға жетпес  ғылыми  және өндірістік  тәжірибелерді  жинақтай отырып, қалыптасу мен дамудың күрделі жолдарынан өтті.

Комбинат жылдар бойы облысты толықтай электр энергиясымен, қаланы барлық өмірлік ресурстармен үздіксіз қамтамасыз етіп келеді. Кәсіпорын аймақтың экономикалық және энергетикалық қауіпсіздігін сақтаумен қатар,  өндірістік әлеуетінің өсуіне, тұрғындардың әл-ауқатының жақсаруына зор үлес қосуда.

Биыл комбинаттың жабдықтарын жаңғырту бағдарламасы іске қосылды. Кәсіпорын ұжымының тәжірибелі мамандары осы бағдарламаны тиімді жүзеге асыру үшін барынша күш салатынына сенемін. Өйткені, комбинатта өз кәсібін терең меңгерген жоғары білікті және өз ісіне адал қызметкерлер еңбек етеді. Соның нәтижесінде комбинат құрамына кіретін үш Электр станциясы, Дистиллят өндіру зауыты халыққа тұрақты режимде қызмет көрсетуде.  Бұдан басқа, «МАЭК» ЖШС құрылымында кәсіпорынның негізгі технологиялық жұмыстарын қамтамасыз ететін 11 өндірістік учаскелер мен қосалқы цехтар жұмыс істейді. Кәсіпорынның барлық жетістіктері - тәжірибесі мол ұжым мүшелерінің үлкен еңбегінің нәтижесі деп санаймын, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

«МАЭК» құрылысы өткен ғасырдың 60-жылдарында басталып, 1968 жылдың 1 шілдесінде жеке кәсіпорын болып құрылды. Түбекте мұнай-газ   кенорындарын игеру, өндірісті өркендету, қала салу, облыс орталығын қалыптастыру секілді шартарап шаруалар қолға алынды. Жартыаралдағы тіршілікті жандандыру үшін ең алдымен су және энергия көзі қажет болды. Бүгінгі таңда «МАЭК» ЖШС-де 3500-ға жуық мамандар еңбек етеді.