26.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Электр энергиясының ажырауы туралы

 

03.07.23 ж.сағат 17.31-де ЖЭС-те қазандыққа келіп тұрған тоқтың күрт өсуіне байланысты №1 энергоблоктың  (жүктеме 133 МВт) жұмысы тоқтатылды. 

4 шілдеде сағат 21:50-де № 1 энергоблогы салқындағаннан кейін жөндеу жұмыстары басталды. Жөндеу жұмыстары тәулік бойы  MAЭК қызметкерлерінің күшімен жүргізілді.

6 шілдеде "МАЭК" ЖШС  ЖЭС №1 энергоблоктың жөндеу жұмыстары аяқталып, сағат 05.51-де энергоблок жұмысқа қосылды.

Жөндеу жұмыстары сапалы жасалғанымен 6 шілде күні сағат 17.33-те ЖЭС-те №1 энергоблокта тағы да мәжбүрлі тоқтау орын алды. Қазіргі уақытта ЖЭС персоналы энергия блогын жөндеу үшін дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Маңғыстау облысының тұрмыстық тұтынушыларын электрмен жабдықтауда, сонымен қатар елді мекендерді сумен жабдықтауда шектеулер жоқ.

Ал бүгін  7 шілде  15 сағат 15 минутта комбинат қызметкерлері №1 энергоблоктың қазандығында жөндеу жұмыстарын бастады.

Энергоблокты 9 шілде сағат 24.00-ге дейін жөндеу жоспарлануда.

 

"МАЭК" ЖШС баспасөз қызметі