Кеше мәжіліс депутаттары Еділ Жаңбыршин мен Самат Мусабаев «МАЭК» ЖШС-де болып, өндірістік кәсіпорынның бүгінгі жай-күйімен танысты.
Депутаттар комбинаттың Жылу электр станциясын, 2-Жылу электр орталығын және Су өндіру зауытын аралап көрді. Кәсіпорынның бас директоры Жасұлан Сүйіншалиев, Жаңғырту жөніндегі орынбасары Аян Үйкекбаев, Жөндеу және пайдалану департаментінің директоры Сәбит Желкушинов, ДӨжӨЖСЖЗ директоры Айсұлтан Сардарбеков және Жөндеу зауытының директоры Бахыт Бисенов жабдықтарды жаңғыртып, жаңарту бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары туралы әңгімеледі.
Мәжіліс депутаттары комбинатты жаңғырту бойынша ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындаудың маңыздылығын атап айтып, тамыз айында кәсіпорын жағдайымен танысуға тағы да бір келетінін баян етті.