15.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Сенаторлар МАЭКте

ҚР Парламенті Сенатының бір топ депутаттары Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді. Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту комитетінің мүшелері облыс активімен кездесіп, бірнеше нысандарды аралады.      Сонымен қатар сенат депутаттары «МАЭК» ЖШС-де болды.  Кездесу барысында Бас директордың өндіріс және БН-350 РҚ бойынша бірінші орынбасары Мұрат Иғалиев депутаттарды комбинаттың жұмыс барысымен таныстырды,  жабдықтарды жаңартып, өндіріс қуатын арттыру бағытындағы жоспарланған жұмыстардың орындалысы туралы әңгімеледі.  

         - Өңірлерде, оның ішінде еліміздің энергия өндіруші объектілеріндегі проблемалармен танысу ҚР Парламентінің жоғарғы палатасы мүшелерінің облыстар бойынша сапарының негізгі мақсаты болып табылады. Халықтың әл-ауқаты энергия өндіруші кәсіпорындардың жұмысына тікелей байланысты және бұл мәселелерді Үкімет деңгейінде бірлесіп шешу қажет ,- деп атап өтті сенаторлар.

    Депутаттар кәсіпорынды жаңғырту жұмыстары бойынша жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстардың белгіленген мерзімде аяқталып, тұрғындардың энергия ресурстарымен толық қамтылатынына сенім білдірді. Депутаттар кәсіпорынның мұражайын аралап, даму тарихымен танысты.