2023 жылғы 19 мамырда Астана қаласында CNPC 25 жылдығын мерекелеу аясында KAZENERGY қауымдастығының Әйелдер энергетикалық клубымен бірлескен «Гендерлік перспективалар шешімдер мен іс жүзінде» тақырыбында әйелдердің энергетикалық форумы болып өтті. Биыл құрылғанына 10 жыл толған KAZENERGY қауымдастығының Әйелдер энергетикалық клубының төрағасы «МАЭК» ЖШС Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары - Басқарма мүшесі Айзада Үмбетқызы Аққайсиева. Сонымен қатар форумға «МАЭК» ЖШС атынан «Quatty Arular» әйелдер клубының төрағасы Эльмира Байдильдинова және орынбасары Гүлмира Төлегенова қатысты.
Форумды Қазақстандағы CNPC компаниясының вице-президенті Вэй Юйсян құттықтау сөзбен ашты.
Форумның Мақсаты:
* Гендерлік теңдік пен жұмыс күшінің тепе-теңдігі бәсекелестік артықшылықтың әлеуетті көзі болып табылады.
* Отандық ғылымды өндіріспен интеграциялау. Әйелдердің жоғары инженерлік-техникалық білім беру саласындағы үрдістер.
Форум барысында модераторлар «KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры Л.Ж.Ахмурзина және Сафи Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университетінің ректоры - Басқарма төрағасы Г.Т.Шакуликованың басшылығымен мұнай - газ және энергетика салаларында табысқа жеткен әйел-спикерлердің Мансапты түсіну мен бағалаудағы гендерлік айырмашылықтар: стереотиптер, сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер, Кадрлық әлеуетті дамыту және әйелдердің ел экономикасына қосқан үлесі, Әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту (қалыптасу кезеңдері мен жеке жетістіктері тарихы), Білім, мансап, әлеуметтік лифттер, қауымдастықтар, Отандық ғылымды өндіріспен интеграциялау: өндіріс тиімділігін арттыру, өндірістен қол үзбей оқыту тақырыптарында сөйлеген сөздері тыңдалды.
Алынған білім мен тәжірибе алмасу гендерлік алшақтықты біртіндеп азайтуға және әйелдердің кәсіпорын өміріндегі ықпалын арттыруға мүмкіндік береді.