Қымбатты ұжым арулар!
Сіздерді 8 наурыз –Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Табиғат әйелдерге теңдесі жоқ әсемдік пен сарқылмайтын күш-қуат, рухани нәзіктік пен шексіз адалдық, өмірлік даналық пен таңғажайып шыдамдылық берді. Сіз кәсіпорында халық игілігі үшін еңбек етіп, қоғамдық жұмыстар да атқарып, балаларды да тәрбиелеп, отбасы ошағының да ұйытқысы болып отырсыз. Қанша жауапкершілікті арқалап жүрсеңіз де жан-жағыңызға шуақ шашып, әрқашан жас және әдемі қалпыңызда қала бересіз.
Сіздерге төл мерекеңізде зор денсаулық, мәңгілік махаббат, жанұя бақытын тілеймін! Әр таңдарыңыз арайлап атып, күндеріңіз жақсылықпен жалғассын! Көгілдір көктем күндері сіздерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, көп қуаныш ала келсін!
«МАЭК» ЖШС
Бас директоры Жасұлан Сүйіншәлиев