15.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Кәсіподақ жұмысына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді

20 ақпан күні «МАЭК» ЖШС «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» жергілікті кәсіподағы»  қоғамдық бірлестігінің есеп беру-сайлау конференциясы болып өтті. Конференцияда кәсіподақ ұйымының төрайымы Ольга Шабунинаның құрметті демалысқа кетуіне байланысты ұйым басшысы болып комбинат қызметкері Мұрат Ізбаев тағайындалды.

21 ақпанда «МАЭК» ЖШС басшылығы «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» жергілікті кәсіподағы» ҚБ бұрынғы төрайымы Ольга Шабунинаны құрметті демалысқа шығарып салды.

Ольга Григорьевна комбинат бөлімшелерінде  40 жыл еңбек етті. Ал соңғы үш жыл ішінде энергетикалық кәсіпорынның жергілікті кәсіподағын басқарды. «МАЭК» ЖШС-нің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өркендеуіне қосқан елеулі үлесі үшін Ольга Шабунина Алғыс хатпен марапатталды.

- Кәсіпорынның кәсіподақ өміріне немқұрайлы қарамай белсенді әрі  жемісті қызмет атқарғаныңыз үшін алғыс айтамыз. Сізге зор денсаулық пен амандық тілейміз»,- деді «МАЭК» ЖШС Бас директоры Жасұлан Сүйіншәлиев.