04.05.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

"МАЭК" ЖШС: ЖЭО-1 су тарту каналының мұзы ерітілді

Ауа-райына салқындауына байланысты бірнеше күннен бері Каспий теңізі жағалауының  қатуы байқалады.

14 Қаңтарда ЖЭО-1 және ЖЭО-2 су жинау арналарында суық жел мен мұздану салдарынан су деңгейінің төмендеуі тіркелді. Бүгінгі таңда "МАЭК" ЖШС кәсіпорынның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жедел шаралар қабылдады. 16 қаңтарда энергокомбинат қызметкерлері Маңғыстау облысы ТЖД, Ақтау қаласы және Мұнайлы ауданының әкімдіктерімен, "ҚЖСА" МКК-мен бірлесіп, ауа-райының салдарынан қатып қалған ЖЭО-1 су тарту каналын жылыту бойынша іс-шаралар өткізді. Ыстық суды тасымалдау үшін 11 су тасушы, 3 бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта арна еріген, теңіз суы  тиісті жұмыс  деңгейге көтерілген. Жұмыс жалғасуда.

. Қала тұрғындарынан тыныштық сақтауларын сұраймыз. Тұрмыстық тұтынушылар үшін ыстық және ауыз суға шектеулер енгізілмеген.