26.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Ауыз су мен ыстық судың сапасы туралы

     

 

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-де ауыз су ГОСТ 2874-82 «Ауыз су. Гигиеналық талаптар және сапаны бақылау» және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы №209 бұйрығымен бекітілген «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидасының талаптары қатаң сақтала отырып өндіріледі.

 Кәсіпорын ауыз судың сапасын «ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Маңғыстау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ келісілген «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС шығаратын өнімнің (судың) сапасын зертханалық-өндірістік бақылау регламентіне» сәйкес өзінің аккредиттелген химиялық зертханаларында бақылайды.

ОСЖТ-3-тен шыққан ауыз су сапасында нормалардан асып кету тіркелмеген.

Ақтау қаласында ыстық сумен жабдықтау ашық жүйемен, яғни  орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған барлық нысандардың жылу құрылғыларында айналатын су қалаға ыстық су ретінде пайдалануға беріледі.

Өндірілген ыстық судың сапасы ҚР СТ 2507-2014 «Ыстық су. Техникалық шарттар» және  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы №209 бұйрығымен бекітілген «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидасының талаптарына сәйкес келеді.

Жылу маусымы басталар алдында жылу магистральдары айналыммен жұмыс істеуге қосылады. Егер Пәтер иелерінің кооперативі (КСК) және Меншік иелерінің бірлестігі (ОСИ) жылу маусымына дайындық кезінде тұрғын және әкімшілік ғимараттардағы жылумен жабдықтау желілерін тазартуды сапасыз жүргізсе немесе мүлде тазартпаса желілердегі барлық лас пен жаз бойы жиналған қақ магистральдық жылу желілеріне келіп түседі. Қаладан кері құбыр арқылы қайтарылатын ластанған ыстық су ЖЭО-ға келіп түседі, онда №1,2,3,4 магнитті шлам ұстағыш сүзгілерде темір қосылыстарынан тиісті тазартудан өтеді, содан кейін тікелей құбыр арқылы қайтадан қалаға жіберіледі. Цикл бірнеше рет қайталанады, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің тазарту жүйесі қаладан сумен келетін ласты сүзіп тазартуды жалғастырады. Қалаға берілетін ыстық су осылайша бірте-бірте тазарады.

Ақтау қаласының жылумен жабдықтау желілері 11.10.2022 ж. бастап айналымға енгізілді, көп қабатты тұрғын үйлер және басқа да объектілерді жылуға қосу Ақтау қаласы әкімшілігінің шешімімен 15.10.2022 ж. басталды.

Ашық жылумен жабдықтау жүйелері үшін жылу желісін қосу кезеңінде ыстық судың сапасы бойынша нормалардың асып кетуі бірнеше нормативтік құжаттармен реттеледі.

1-кесте ҚР СТ 2507-2014 «Ыстық су. Техникалық шарттар» - жылу маусымының басындағы екі апта ішінде  темірдің мөлшері 1,0 мг/дм3-ке дейін, еріген оттегінің мөлшері 30 мкг/дм3-ке дейін, өлшенген заттардың мөлшері 15 мкг/дм3-ке дейін, судың лайлылығы 15 мг/дм3-ке дейін, түсі 70 градусқа дейінгі көрсеткіштермен  нормадан асуға  жол беріледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы №209 бұйрығымен бекітілген «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 58-тармағында жылу маусымының басында судың түсі  70 градус және темір 1,0 мг/дм3 дейін нормадан асуға болады.

«Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану» Қағидасының 532-тармағы - жылу маусымының басында темірдің құрамы бойынша ыстық сумен жабдықтаудың ашық жүйесі үшін 2 апта ішінде нормалардан 1,0 мг/дм3 дейін, еріген оттегі 30 мкг/дм3 дейін, өлшенген заттар 15 мкг/дм3 дейін асып кетуге жол беріледі.

 

                                                                               «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС