«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС бөлімшелері арасындағы спартакиаданың кезекті кезеңі аяқталды.
1 тамыз күні 17 шағын ауданда орналасқан «Сұңқар» теннис орталығында комбинат бөлімшелері арасында үстел теннисінен жарыс болып өтті. Жарысқа комбинат бөлімшелерінен 3 адамнан (2 ер және 1 әйел адам) 5 команда қатысты. Жарыстар бір уақытта алты ойын үстелінде өткізілді. Ойындар айналым жүйесі бойынша ұйымдастырылған. Командалар нағыз спорттық сайысқа түскенмен, залда көңілді атмосфера, ал бәсекелестер арасында өзара сыйластық пен достық қарым-қатынас орнады.
«Бұл жарыстар бөлімшелер арасынан үстел теннисіндегі ең мықтыларды анықтау үшін ғана емес, ең алдымен әріптестердің күнделікті жұмысы барысында өте қажет болатын жылдамдық, тез қимылдау реакцияларын шыңдауға, сонымен қатар олардың бір-бірімен кездесіп, бос уақыттарын тиімді өткізуге мүмкіндік берді»,- деп атап өтті жарыстың бас төрешісі, Қауіпсіздік қызметінің басшысы Қаныбек Шайдуллин.
Ойын командаларды қолдауға келген жанкүйерлердің қатысуымен өте тартысты әрі қызықты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Қауіпсіздік қызметінің командасы жеңіске жетіп, I орынға ие болды. Олардан жеңіліс тапқан Желілер және қосалқы станциялар цехына сәйкесінше II орын, ал III орын Жөндеу зауыты командасына бұйырды.
Үстел теннисінен болған бәсекеде өз шеберліктері мен жоғары кәсібилігін көрсеткен жарыс жүлдегерлерін құттықтаймыз! Сіздерге спортта да, өмірде де жеңістеріңіз көп, табыстарыңыз мол болсын демекпіз!
Баспасөз қызметі