15.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

МАЭК командасы футволейден жеңімпаздар қатарында

Ақтауда футволейден Маңғыстау облысының алғашқы чемпионаты болып өтті.

Атаулы біріншілік 23-24 шілде күндері «Каспий» волейбол клубының жағажай алаңында өтті. Күннің ыстығына қарамастан жарыс жолында әрқайсысы екі адамнан тұратын 14 команда  біраз тер төкті. 2х2 форматында өтетін бұл спорт түріне біздің кәсіпорынның атынан БН-350  РҚ   қызметкерлері Ерманов Бауыржан мен Уразалин Бекзат қатысты.

Футволей жағажай волейболына ұқсас, бірақ мұнда допқа ойыншының қолдары мен саусақтары тимеуі тиіс. Ойын кезінде допты бас, кеуде, жамбасқа тигізе жүріп,  аяқпен ғана тебуге болады. Ойыншы ойын барысында екі ортадағы торға денесін тигізетін болса, ұпай қарсыласына бұйырады. Футболей құмда өтеді, алаңның өлшемі 8х16 метр, ортасында 2,2 м биіктіктегі тор бар, әр командада 2 ойыншы болады. Ойында қолданылатын доп жағажай волейболы добына қарағанда ауыр және футбол добынан сәл өзгешелеу. Оның қосымша салмағы мен ішінде ауаның аз болуы допты ауа райы қолайсыз әрі жел болған күндері ойнауға мүмкіндік береді. Доп қарсыластардың жағындағы жерге немесе сызықтарға тиген кезде немесе қарсылас максималды 3 рет тигізе алмаған кезде ұпай жиналады деп саналады. Әр шабуыл тордың жоғарғы жағындағы антенналар арасында өтуі керек. Егер доп антеннаға тиіп кетсе, онда доп соғу мүмкіндігі  қарсыласқа өтеді.

Бұл командалық спорт ойыншылардан тепе-теңдікте допты ұршықша иіріп соғуды, жылдам рефлексті, шыдамдылықты, үйлесімділікті қажет етеді. Ойын барысында спортшылар допты 2 метрге дейінгі жоғарылыққа секіріп соғып, күрделі пируэттер жасап, айналып секіру арқылы соққылар жасауы мүмкін.

Футволейдан алғашқы ойын 57 жыл бұрын Рио-де-Жанейродағы Копакабана жағажайында ойналды. Бұл спорт түрінің негізін қалаушы Октавио де Мораес болды. Алғашында жағажайда футбол ойнауға тыйым салынатындықтан футбол жанкүйерлері волейбол алаңына келіп допты аяғымен торға лақтырып ойнай бастады.

Алғашқы біріншілікке қатысқан 14 командадан финалға NN, BurAbai, ҚазНИПИмұнайгаз және МАЭК командалары шықты. Тартысты өткен сайыстың нәтижесінде МАЭК командасы үшінші орынға ие болып,  жеңімпаздар үштігінен орын алды.

Әріптестеріміз Ерманов Бауыржан мен Оразалин Бекзатты жеңісімен құттықтаймыз!