22.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Электр энергиясын өндіру шекті тарифіндегі өзгеріс туралы хабарландыру

 

 ҚР «Электр энергетикасы туралы» Заңының 5-бабы 70-1 тармағына сәйкес, электр энергиясын өндіруге шекті тарифті бекіту Уәкілетті орган - ҚР Энергетика министрлігінің құзыретіне кіреді.

«Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 14.12.2018 жылғы №514 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 30.06.2022 жылғы №226 бұйрығына сәйкес 2022 жылғы 01 шілдеден бастап 27 топқа кіретін МАЭК үшін электр энергиясын өндіруге ҚҚС есебінсіз және ЖЭК (жаңартылатын энергия көздері) пайдалануды қолдауға арналған үстемеақыны есепке алмағанда (1 кВт/сағ үшін 0,72 теңге) 1 кВт/сағ 14,87 теңге деңгейіндегі тариф бекітілді.

 

 

Бұрын қолданыста болған тарифте - 13,04 теңге/кВтс ҚҚС-сыз 2021 жылғы 1 шілдеден бастап электр энергиясын өндіру үшін негізгі отын ретінде пайдаланылатын, электр энергиясын өндірудің өзіндік құнындағы үлесі 65% - дан асатын газға баға құнының өсуі ескерілмеген.

Тарифті түзету қажеттілігінің тағы бір себебі ағымдағы жылы электр энергиясын өндіру үшін қажетті шикізат пен материалдарға шығындардың (бағаның қымбаттауы) ұлғаюы болды.

Бұдан басқа, бұрын қолданыста болған тарифте ағымдағы жылғы 1 наурыздан бастап МАЭК өндірістік персоналының жалақысын 30%-ға арттыруға арналған шығындар көзделмеген, ол туралы шешімді қызметкерлер мен жұмыс беруші арасындағы жалақыны арттыру мәселесі бойынша ұжымдық еңбек дауын реттеу мақсатында құрылған арбитраждық комиссия 2022 жылғы ақпанда қабылдаған болатын.

Сонымен қатар, комбинаттың қосалқы бөлімшелері қызметкерлерінің жалақысын көтеру және материалдар бағасының өсуі шаруашылық және мердігерлік тәсілмен орындалатын жөндеу жұмыстарына шығындардың өсуіне әкелді.

Осы айтылған жағдайларға байланысты және «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС  Уәкілетті орган - ҚР Энергетика министрлігіне электр энергиясын өндіруге жұмсалатын негізгі шығындардың ұлғайғаны туралы мәліметтерді ұсына отырып, электр энергиясына арналған шекті тарифті өзгерту туралы өтініш жіберген болатын.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС