15.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Ыстық судағы жылу құрамы бойынша қайта есептеу туралы хабарлама

«ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» РММ-нің 04.04.2022 ж. №2 нұсқамасын орындау мақсатында «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 284-т және 288-т. сәйкес "Billing Ok" ӨБ базасында ашылған барлық  дербес шоттарда 2019 жылдан 2022 жылғы наурыз айының аралығында есептелген ыстық судағы жылу құрамына жалпы сомасы 76 206 185 теңгеге қайта есептеу жүргізді.


2022 жылғы сәуір айындағы түбіртекте қазақ және орыс тілдерінде ыстық судағы жылу құрамы бойынша түзету бағаны және түзету сомасы  енгізілген. Сондай-ақ, түбіртектің төменгі жағында *белгісімен «Маңғыстау облысы бойынша ТМРКД нұсқамасына сәйкес» деген ақпарат жазылған.


Жоғарыда көрсетілген қағида тармағына сәйкес Жеке есептеу құралдары жоқ тұтынушыларға қайта есептеуде ыстық судағы жылу құрамының нормалары  қолданылды,  түзетудің жиынтық сомасы төлеуге тиісті сомамен қоса есептелді.

Мамыр мерекелеріне байланысты шот-түбіртектер тұтынушыларға 14 мамырға дейін жеткізіледі.


«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС