20.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС қызметкерлерінің жалақысын көтеру жөнінде

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС (бұдан әрі-МАЭК) 2022 жылғы 25 қаңтарда кәсіпорын қызметкерлері жалақыны 100% - ға арттыру, денсаулықты сауықтыруға жәрдемақы төлеу, мерекелерге сыйақы төлеу және басқа да мәселелер бойынша басшылыққа жүгінгенін хабарлайды. Келіп түскен талап бойынша МАЭК басшылығы қызметкерлердің бастамашыл тобымен кездесу ұйымдастырып, қойылған барлық талаптар талқыланды. Оның қорытындысы бойынша  келіп түскен талаптарды реттеу үшін құрамына МАЭК басшылары, МАЭК қызметкерлерінің өкілдері, кәсіподақ өкілдері енген татуластыру комиссиясы құрылды.

Қызметкерлер айтқан барлық талаптарды талқылап, МАЭК-тің барлық қаржылық мүмкіндіктерін қарастырғаннан кейін кәсіпорын өкілдері татуластыру комиссиясының қарауына мынадай ұсыныстар енгізді:

1) кәсіпорын басшылығын қоспағанда, өндірісте жұмыс істейтін барлық қызметкерлердің жалақысы 30% - ға ұлғайтылсын;

2) мемлекеттік мерекелерге сыйақылар төлеу белгіленсін;

3) демалыста сауықтыруға арналған жәрдемақы төлемі бір жалақы мөлшерінде белгіленсін;

4) үнемдеу есебінен резервтер пайда болған жағдайда тоқсандық сыйақыға тең төлем белгілсін.

«Келіп түскен талаптар бойынша барлық шарттарды орындау мүмкін емес, өйткені бүгінгі күні МАЭК-тің электр энергиясын, жылу энергиясын, ауыз суды, ыстық және техникалық суды (бұдан әрі-өнім) жеткізу бойынша көрсетілген қызметтер үшін шамамен 9,7 млрд.теңге сомасына мерзімі өткен дебиторлық берешегі, шамамен 3,5 млрд. теңге мөлшерінде кредиттер бойынша төлемдері бар. Өнімді жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтер шығыны көп. Қызметкерлердің барлық талаптарын толық көлемде орындау біздің облыс тұрғындары үшін өнім жеткізу бойынша өндірілетін қызметтердің барлық түрлеріне Тарифтердің айтарлықтай өсуіне әкеледі», - дейді татуластыру комиссиясының мүшелері.

Комиссия өз жұмысын жалғастыруда, біз қызметкерлермен ортақ пікірге келеміз деп үміттенеміз. Біздің қызметкерлер өз жауапкершілігін терең сезінеді және өңірдің тыныс-тіршілігін және тұрғындарды электр энергиясымен, жылумен және ауыз сумен қамтамасыз ететін кәсіпорынның стратегиялық сипатының барлық маңыздылығын түсінеді.

Бүгінгі күні өндірісте ешқандай іркілістер жоқ,  кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істеуде.

                                                                                  «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС баспасөз қызметі