29.03.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданының тұрмыстық тұтынушыларын электр энергиясымен жабдықтау нарығындағы жағдай

Бұл мәселе туралы Облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Руслан Бектемір әңгімеледі.

- 2 жыл ішінде МАЭК «AllianceEnergoSnab» ЖШС және оның филиалы «AllianceEnergoSnab-Ақтау» (одан әрі бірге – Альянс) дебиторлық берешегіне қатысты 17 арыз және талап арыздар берді. Альянспен жасалған Келісім шарттың  6.1-тармағына сәйкес төлем шарттарының бұзылуына және Электрмен жабдықтаушы ұйымның  пайдаланылған электр энергиясының ақысын төлемеуіне байланысты қыркүйектен бастап олармен Келісім шарт біржақты тәртіппен бұзылды. Соған қарамастан, соттың ұйғарымымен, МАЭК талап арыз қаралғанға дейін Альянспен шарттық міндеттемелерді орындауды жалғастыруға міндеттелді. Осыдан кейін біздің кәсіпорын ЭЖҰ арадағы келісім шарт міндеттемелерін орындауды 2021 жылдың соңына дейін жалғастыру туралы шешім қабылдады, - деп атап өтті Руслан Бектемір.

Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданының тұрмыстық тұтынушыларына ағымдағы жылдың соңына дейін жария шарттарға сәйкес «AllianceEnergoSnab-Ақтау» филиалы қызмет көрсетеді.

- Тұтынушылардан электр энергиясы үшін шот-түбіртектердің кешіктірілуіне байланысты көптеген сұрақтар келіп түсті. Қазан айында энергия беруші ұйымдар: облыс бойынша – «МӨЭК» (МРЭК) АҚ, Ақтау қаласы бойынша – «АЭЖБ» МКК (АУЭС) өткізілген электр энергиясын бөлу жұмыстарын 11 қарашаға дейін кідіріспен жүргізуіне байланысты тұтынушыларға шот-түбіртектер 15 қарашаға дейін жеткізілетін болады.

Жыл соңына дейін МАЭК Электр энергетикасы туралы заңнаманың талаптарына сәйкес тиісті лицензиялары бар өңірдің энергиямен жабдықтаушы ұйымдарынан өтінімдерді қабылдайтын болады.

Анықтама үшін: Ағымдағы жылдың 9 айында Альянсқа 8.2 миллиард теңгеге электр энергиясы өнімі жіберілді. Бүгінгі таңда Альянс  қарыздарының 7 млрд. теңгесін төледі. 2021 жылдың басында Альянстың ағымдағы борышы 3,2 млрд.теңгені құрады. Альянстың бүгінгі күнгі қарызы 4,4 млрд.теңгені құрайды.

  «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС баспасөз қызметі