28.03.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Маңғыстау облысының атом саласының бірқатар қызметкерлері марапатталды

 Атом өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиында «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС БН-350 РҚ ең үздік қызметкерлері саланы дамытуға қосқан үлестері үшін түрлі марапаттарға ие болды.          

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Бас директоры Талғат Есентүгелов «Атом саласының үздігі» төсбелгісімен БН-350 РҚ  шебері Поляков Владислав Геннадьевичті, БН-350 РҚ слесарь-жөндеушісі Қабыев Сағындық Хожабаевичты марапаттады.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Құрмет грамоталары РТжТДО  тобының жетекшісі Сергей Викторович Похиловқа, РТжТДО   слесарь-аспапшысы Алексей Иванович Рамзаевқа, РТжТДО зертханашы-радиометрист Ольга Григорьевна Михайловаға, БН-350 РҚ шебері Шабунин Юрий Михайловичке, БН-350 РҚ өндірістік үй-жайларын жинаушы Ильясова Дина Жанадиевнаға, БН-350 РҚ электромонтеры Сергей Выборных Викторовичқа табысталды.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Алғыс хатымен БН-350 РҚ аға операторы Князев Владимир Николаевич, БН-350 РҚ   инженер-радиологы Кулибеков Азамат Шаттықұлы, БН-350 РҚ жүргізушісі Қарабеков Ержан Сунеуович кәсіпорындағы ерен еңбектері үшін атап өтілді.

БН-350 РҚ Пайдалану және жөндеу бөлімінің бастығы Радион Фирдаусович Ягудин, РТжТДО директоры Андрей Анатольевич Долгов І дәрежелі «Қазақстан Республикасы Атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісінің иегерлері атанды.

БН-350 РҚ Әкімшілік-шаруашылық бөлімшесінің термоизоляциядағы оқшаулаушысы Ларин Владимир Юрьевич, РТжТДО тобының жетекшісі Волуев Владимир Григорьевич ІІ дәрежелі «Қазақстан Республикасы Атом саласының еңбек сіңірген қызметкері»  төсбелгісімен марапатталды.

ІІІ дәрежелі «Қазақстан  Республикасының атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» атағы БН-350 РҚ Пайдалану және жөндеу бөлімінің жедел қызмет көрсету бөлімшесінің аға операторы Шувалов Юрий Юрьевичке, РТжТДО 2-санатты инженер-зертханашысы  Фатыхова Юлия Леонидовнаға берілді.                                                                                                                           

БН-350 РҚ үш қызметкері Хангреев Талғат Муратович, Яковлева Милена Евгеньевна және Варанкин Валерий Иванович «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Бас директорының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Марапаттау рәсімінің соңында Энергокомбинат басшысы Талғат Есентүгелов әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық, табыс пен сәттіліктер   тіледі.

 «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС баспасөз