Құрметті «БН-350» РҚ қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің әрқайсыңыз әлемдік атом саласының дамуына серпін берген тарихи оқиғаның қатысушысы болдыңыз.
БН-350 жылдам нейтронды алғашқы атом электр станциясының жұмыс істеген жылдары сіздердің тынымсыз еңбектеріңіз бен жаңашыл идеяларыңыздың арқасында реактордың апатсыз жұмысы қамтамасыз етілді және кейін БН-350 РҚ пайдаланудан шығару кезеңінде де ғылыми ізденістерде үлкен тәжірибе жинадық.
Біз Қазақстанның энергетикалық өнеркәсібін дамыту үшін әрі қарай да тиімді жұмыс істейтін боламыз деп сенемін.
Сіздерге алдағы уақытта табыс, зор денсаулық және амандық тілеймін!
Құрметпен, бас директор Т. Есентүгелов