Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің келісімі және «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Бас директорының бұйрығымен кәсіпорын бас директорының БН-350 РҚ пайдаланудан шығару жөніндегі орынбасары болып Ерлан Жалғасұлы Есбергенов тағайындалды.
Ерлан Жалғасұлы 1966 жылы туылған. Білімі-жоғары. Еңбек Қызыл Ту орденді Мәскеу инженерлік-физикалық институтын «Ядролық энергетикалық қондырғылар» мамандығы бойынша бітірген инженер-физик, Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінен «Кәсіпорын экономикасы» бойынша экономист мамандығын, Алматы Менеджмент Университетінен «Іскерлік басқару» мамандығы бойынша «Іскерлік басқару магистрі» дәрежесі алған.
Қызмет өтілі:
1992-1997 жж. - Ақтау қаласындағы «МАЭК» РМК «БН-350» РҚ реактор операторы, реактор жүйелерін басқару инженері, реактор қондырғысын басқару жөніндегі аға инженер болып жұмыс істеді.
1997 - 1998 жж. - Ақтау қаласында «Скиф» ЖШС директоры қызметін атқарды.
1998-2000 жж. - «Атырау мұнай өңдеу зауыты» АҚ Маңғыстау өкілдігінің директоры болды.
2000-2004 жж. - «Euro Asia-Адани» ЖШС Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, Алматы қ.
2005-2008 жж. - «КНК» ЖШС директоры, Атырау қ.
2008-2017 жж. – «ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» СБК ЖШС басқарушы директоры, Атырау қ.
2017-2018 жж. - «Мұнай көлік» ЖШС бас инженері, Атырау қ.
2018 жылдан бастап - Ақтау қаласындағы «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС «БН-350» РҚ Жедел басқару қызметінде жұмыс істеді.
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС баспасөз қызметті