Қадірлі тұтынушы!
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС кәсіпорнында өндірілетін ауыз су үшін Тағам өнімдері қауіпсіздігінің менеджменті жүйесі енгізілгендігін қаперлеріңізге береміз.
«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйесі. Тамақ өнімдерін өндіретін және тұтынатын барлық ұйымдарға қойылатын талаптар» ҚР ISO 22000-2019 талаптарын орындау үшін, 5.6.1 тарауына сәйкес, өнімдерді тұтынушыларды пайдалану мүмкіндігімен, сақтау талаптары және жарамдылық мерзімімен таныстыру қажеттілігі ұйғарылады.
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС өндірген ауыз су:
- тұрғындарға ауыз су мақсатына пайдалануға;
- тағамдар мен сусындар дайындауға;
- көкөністер мен жемістерді консервілеуге;
- концентратталған өнімдерді қалпына келтіруге;
- ішілетін дәрілік препараттарды қалпына келтіруге;
- тұрмыстық мақсаттарға пайдалануға;
- гигиеналық және косметикалық мақсаттарға пайдалануға;
- жануарлар мен құстарға қолдануға;
- бөлме өсімдіктерін суаруға;
- аквариумдарды толтыру үшін пайдаланылады.
Суды қосымша өңдеусіз ішуге пайдаланғанда су құрамындағы микробиологиялық ластануды болдырмас үшін пайдаланылатын хлорды жою мақсатында суды 6÷24 сағаттай тұндырып қою керек.
Ауыз суды ысытылған күйде қолданғанда термиялық күюді болдырмас үшін қауіпсіздік шараларын сақтау қажет.
Тыныс алу жолдары ауруларын (ЖРА, ангина т.б.) болдырмас үшін ауыз суды салқындатылған немесе тоңазытылған күйде аса көп қолданбаған дұрыс.
Ауыз суды пайдаланғанда немесе/және сақтағанда тағам өнімдеріне арналған таза ыдысты қолдану қажет.
Сақталу мерзімі – анықталмаған.
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС