19.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

МАЭК басшылығы облыс ардагерлерімен кездесті

16232114195864 маусым күні облыстық ардагерлер кеңесінде аймақ ақсақалдары «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Бас директоры Талғат Есентүгеловпен кездесті.

Кездесуді Маңғыстау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Құдайбергенұлы Төлетов ашып, ақсақалдарды осы жылдың қаңтар айында басшылық қызметке кіріскен  кәсіпорынның жаңа басшысымен таныстырып, оның еңбек жолы туралы әңгімеледі.

- Мен жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін алғашқы еңбек жолымды  Жаңаөзен қаласында мұнайшы боп бастағанмын. Содан кейін 2002-2003 жылдары осы МАЭК-те жұмыс істедім. Ал 2005-2009 жылдары мен комбинаттың Бас директорының орынбасары қызметінде болдым, одан кейінгі жылдары «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық компаниясында түрлі басшылық қызметтерді атқардым. Осы жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығымен «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Бас директоры болып тағайындалдым. Кәсіпорынның негізгі қызметімен, өндіріс  жағдайымен,  ұжыммен де жақсы таныспын. Қазіргі кезде комбинаттағы басты назар аударуды талап ететін басым бағыттар - жабдықтарды жаңарту, ауыз су өндірісін ұлғайту  мәселелері болып тұр. Мәселе қаншалықты күрделі болса да оны                                         шешудің жолдары қарастырылуда. МАЭКте бұрын пайдалануға берілген су тұшыту қондырғысы бұған дейін өзінің жобалық қуатының 40 пайызынан төмен жағдайда жұмыс істеп тұрған. Қазір біз жобалаушылармен сол қондырғыны толық қуатына іске қосу бойынша міндеттемелеріне қатысты келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Ал Жылу-энергетикалық орталықтарындағы жабдықтарды жөндеу бойынша біздің инвестициялық жоспарымыз Қазақстан Энергетика министрлігі деңгейінде бекітілді, қазір оны ағымдағы жылы іске асыруға өтінім берілді. Сондай-ақ, мен ұжым қызметкерлерінің еңбек және әлеуметтік жағдайларын жақсарту бағытына маңыз беріп отырмын. Өйткені, күндіз-түні тынбастан жұмыс істейтін өндірістік кәсіпорында бұл мәселелер бірінші кезекте шешілуі керек деп санаймын. - деді «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Бас директоры Талғат Есентүгелов.

Өз кезегінде, ақсақалдар Талғат Есентүгеловтың басшылығымен жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға беріп, сәттіліктер тіледі, ақ батасын арнады. Кездесу карантин мен әлеуметтік қашықтықтың барлық талаптарын сақтай отырып өткізілді.

 

        Гүлбаршын Байназарова