15.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Мемлекеттік рәміздер күні

1992 жылдың 4 маусымында Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері туралы заңы қабылданып, алғаш рет бекітілді. 2007 жылы дәл осы күні «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заң қабылданып, соған сәйкес 4 маусым күні ел тарихына Мемлекеттік рәміздер мерекесі ретінде енді.

Мемлекеттік ту, Елтаңба және Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері болып саналады. Олар - мемлекеттің мызғымас негізінің бірі, тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі. Егемен еліміздің негізгі атрибуттары саналатын рәміздердің маңызы туралы Елбасы Н.Назарбаев: «Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық санасы, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа деген үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер» деп атап көрсетті. 

Бүгін кәсіпорынның Диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары қызметінің қолдауымен «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС  бөлімшелері мен департаменттерінің барлық қызметкерлері үшін жұмыс орындарында Қазақстан Республикасының Әнұранын тыңдау шарасы ұйымдастырылды.

- 4 маусым - тәуелсіз Қазақстанның азаматтары үшін ерекше күн. Еліміздің Әнұраны, Елтаңбасы және Туы біздің мемлекеттілігіміздің қалыптасу тарихын және біздің басты құндылықтарымыз – бейбітшілікті, келісімді, бірлік пен татулықты сақтаудың маңыздылығын ұмытпауға үндейді! – деп атап өтті «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС басшылығы.

                                                                  Гүлбаршын Байназарова

IMG 8563