Жақында облысымызда волейболдан ерлер командалары арасында өткізілген чемпионатта «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС волейболшылары бірінші орын алып, «Әуесқойлар кубогы 2021» жүлдесіне ие болды.
Ақтау қаласының «Маңғыстау Арена» спорт кешенінің базасында ерлер командалары арасында волейболдан облыс кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері арасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне арналған жарыс болып өтті.
Бәсекеде өңірдің «Супер кубогы» атағы үшін облыстың үш дүркін чемпионы атанған «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС волейболшылар командасы, «ТТжҰҚБ» («УТТиОС»), «Өзенмұнайгаз», «Мұнайлы» және Маңғыстау волейбол Федерациясының ойыншылары бақ сынасты.
Спорт жарысы, оны тамашалаушы көрермендердің қатысуы барлық санитарлық нормалар мен талаптарға сәйкес ұйымдастырылды. Алғашқы матч «Мұнайлы» және «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС командалары арасында өтті.
- Қарсыластардың мақсаты - бізден чемпиондар атағын аударып алу. «Мұнайлы» командасы ең мықтылардың бестігіне кіреді, бірақ біздің команда оларды сенімді түрде 0:2 есебімен жеңді. Бәсекеде әсіресе, біздің волейболшылар Расул Рейимов пен Жомартбек Елубаев тамаша ойын үлгісін көрсетті. Жеңісті жарысымыз одан әрі «ТТжҰҚБ», «Өзенмұнайгаз» және «МОВФ» командаларымен жалғасты. Матчтың барлық қатысушылары арасында ең мықты қарсылас, құрамында жаттықтырушылар мен спорт шеберлері атағы бар Маңғыстау облысы ардагерлер Федерациясының командасы болып табылады, бірақ олар да бізден жеңіліс тапты, - деп хабарлайды комбинат волейболшылары.
Чемпиондар Кубогы үшін соңғы ойында «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС мен Маңғыстау волейбол Федерациясының командалары кездесті. Бас жүлде үшін тартысты күрестің бірінші партиясында «МОВФ» командасының спортшылары жеңді, бірақ «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» командасының мүшелері бар ерік-жігерін жұдырыққа түйіп, қорытынды ойында 2:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, комбинат волейболшылары бұл жолы да чемпиондардар кубогін қолдан бермеді.
- Волейбол - бұл командалық ойын және біздің басты міндетіміз - чемпиондар атағын сақтап қалу! Комбинат басшылығының біздің команданы қолдауының арқасында жаттығуларымызды карантиндік нормаларға сай уақтылы әрі үздіксіз өткіздік. Жігіттеріміз жеңіске жету үшін бар күштері мен мүмкіндіктерін салып, шеберліктерін танытты, тағы да жоғары тұғырдан көрінді. Команданы жеңіспен құттықтаймын және командаға болашақта жаңа жеңістер тілеймін! – дейді волейбол командасының бас бапкері, кәсіпорынның Қауіпсіздік қызметінің басшысы Қаныбек Шайдуллин.
Турнир қорытындысында кәсіпорын командасына бас жүлде кубогы және оның мүшелері жарыстың үздік ойыншысы атанған Абай Сақтағановқа, үздік шабуылшы атанған Мұхамбет Қайырбаевқа арнайы марапаттар табысталды.