15.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Кәсіподақтар дағдарысқа қарсы шараларға атсалысуда

Коронавирустық инфекциямен күрес жағдайында кәсіпорынның кәсіподақ ұйымы  дағдарыстың салдарымен күрес шараларына белсене кірісті, пандемия кезінде кәсіпорын мен қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын реттеуге атсалысты. Үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанында кәсіподақ төралқасының 2 отырысы, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» жергілікті кәсіподақ" ҚБ кәсіподақ активінің 2 кеңейтілген отырысы өткізілді, оның барысында қызметкерлер үшін сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру және балалардың жазғы демалысы, мәдени-бұқаралық жұмыс бағытын қайта қарау, кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек көрсету мәселелері көтерілді. Комбинат басшылығымен өткен келіссөздерде кәсіподақ қызметкерлердің мүдделерін қорғау мақсатында асханалардың жұмысы және  көлікпен қамту салаларында мәселелер көтерді. Бүгінгі күні кәсіподақта комбинаттың барлық персоналының 41 пайызын құрайтын 1496 адам мүшелік есепте тұр.  Кәсіподақ мүшелерінің 25 пайызы - 35 жасқа дейінгі жас қызметкерлер.

- Ағымдағы жылдың үш айында кәсіподақтың 277 мүшесіне материалдық қолдау көрсетілді, оның ішінде 182 жұмыскерге дәрі-дәрмек сатып алуға, 22-сі бала туылуына байланысты, 14-і туыстарын жерлеуге, 21-і сауықтыруға, 7-і және 18-і тиісінше құрметті демалысқа шығуына және мерейтойларына байланысты. Кәсіподақтың 13 мүшесіне ауыр материалдық жағдайына, құны қымбат операциялар жасатуға және қолайсыз ауа-райына қатысты төтенше жағдайға ұшырауына байланысты біржолғы материалдық көмек көрсетілді. Сондай-ақ, ҚР Кәсіподақтар федерациясы 2021 жылды «Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы» деп жариялады. Кәсіподақ активінің шешімімен 3-ші тоқсанда кәсіподақ мүшелері арасында сәндік-қолданбалы шығармашылық байқауы ұйымдастырылады, - дейді «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» жергілікті кәсіподақ» ҚБ төрағасы Ольга Шабунина.

 Гүлбаршын Байназарова