15.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Өрт қауіпсіздігі басты назарда

пожарникигл04042021

Турбина бөлімшесіндегі өртті бақылаушы-машинист байқап, дереу станция басшылығына хабарлады, өртке қарсы қызмет бөлімшелерін шақырды.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің және «Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметі» ММ келген өрт сөндіру топтарының күшімен және құралдарымен өртті жою мақсатындағы екі учаске құрылды, ғимараттың шатырын қорғау үшін АЛ-30 және АКП-54 арқылы екі лафеттік өрт сөндіру оқпандары берілді. ЖЭС өрт сөндірушілері мен қызметкерлерінің үйлесімді өзара іс-қимылының арқасында шартты өрт оқшауланып, сөндірілді.

- Турбиналық бөлімнің ауданы 9180 шаршы метрді құрайды. Онда орнатылған турбиналар кинетикалық энергияны механикалық энергияға айналдыруға қызмет етеді. Негізгі қауіп - турбиналық майдың, генераторда пайдаланылатын сутектің жануы және қысқа тұйықталу нәтижесінде сорғыларға қуат беріп тұрған кабельдердің тұтануынан пайда болады, - деп түсіндірді өрт сөндіруші мамандар.

Ұйымдастырылған шара соңында қызмет басшылары мен мамандар, оқу-жаттығуға қатысушылардың іс-әрекеттеріне жоғары баға берді.

- Өрт-тактикалық жаттығуларды өткізудегі басты мақсат - ықтимал өрттер мен апаттарды жою кезіндегі нақты және жылдам іс-қимылдар дағдыларын игеру және пысықтау, объектілердегі персоналдардың Өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамымен өзара іс-қимылын жақсарту, электр станциясындағы өртті сөндірудің дұрыс әдістерін айқындап алу және оны жою бойынша негізгі шараларды нақтылау болып табылады.