14 тамыз күні «МАЭК» ЖШС-де Спартакиада-2025 аясында дартс турнирі өтті. Ең мерген ойыншылар атағы үшін комбинаттың түрлі бөлімшелерінен келген 9 команда бақ сынады. Жеңіске деген жігер, командалық рух және әріптестердің қолдауы алаңда нағыз спорттық атмосфера орнатты.
Жарыстың нәтижесінде Қауіпсіздік департаментінің командасы жеңімпаз атанды, Жөндеу зауыты күміс, ДӨжӨЖСЖЗ командасы қола жүлделерді иеленді.
Командалар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Қауіпсіздік департаменті командасына жеңіс символы саналатын кубок табысталды.