5 маусым күні —еліміздің экологтары өздерінің кәсіби мерекесін атап өтуде. Осы айтулы күн аясында «МАЭК» ЖШС ӨҚБ қоршаған ортаны қорғау бөлімінің қызметкерлері жоғары кәсібилігі, көп жылдық еңбегі мен кәсіпорынның экологиялық қауіпсіздігіне қосқан елеулі үлесі үшін Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Бас директордың Әлеуметтік және корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ерқанат Ибадуллаев кәсіпорын басшысы Кинис Орақовтың құттықтауын жеткізіп, марапаттарын табыстады. Бөлім басшысы Ольга Маркина да өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарып, үнемі қолдап жүрген әріптестеріне ризалығын білдіріп, төл мерекелерімен құттықтады.
Барша экологтарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!