05.09.2025 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

 

Жаз жайнатып, күн күлдіріп

 

       Осы айдың 8 жұлдызында «Фламинго» лагерінде МАЭК қызметкерлерінің балаларына арналған жазғы маусымның салтанатты ашылу рәсімі өтті.

300 бала теңіз жағасында орналасқан лагерьге жайғасып, жазғы қызықты оқиғаларға белсене кірісіп кетті. Бар-жоғы бірнеше күн ішінде балалар бірігіп, кеш қонақтарына арналған концерттік бағдарлама дайындап үлгерді.

      Салтанатты іс-шарада «МАЭК» ЖШС Бас директорының әлеуметтік және корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ерқанат Ибадуллаев құттықтау сөз сөйлеп: «Бірнеше жылдық үзілістен кейін біз балаларымызға Каспий теңізінің жағасындағы демалысты қайта сыйлай алдық. Бұл – қаланы жарықпен, жылумен және сумен қамтамасыз етіп жүрген ата-аналарының еңбегіне деген алғысымыздың белгісі», – деп атап өтті. Сонымен қатар, кәсіподақ төрағасы Асланбек Өтебаев комбинат басшылығына алғыс білдіріп, лагерьдің маусымға жоғары деңгейде дайындалғанын ерекше атап өтті.

       Балаларға жаңа достар, жарқын әсерлер мен ұмытылмас жазғы естеліктер тілейміз!