Жыл сайын 28 сәуірде Дүниежүзілік еңбек қорғау күні атап өтіледі. Мереке қарсаңында «МАЭК» ЖШС-нің Қауіпсіздік және еңбек қорғау қызметінің 15 қызметкері кәсіпорын Бас директорының Алғыс хаттармен марапатталды. Құрмет грамоталарын Бас директордың орынбасары Ерқанат Ибадуллаев табыстап, марапат иелерін мерекемен құттықтады.
- Біздің кәсіпорын өңірдегі стратегиялық маңызы бар ірі өндіріс орны болып табылады. Сондықтан әр жұмыс орнында қауіпсіз еңбек шарттарын қамтамасыз ету – МАЭК жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметінің негізгі міндеті мен басымдығы болып қала бермек. Атаулы мереке күні біз сіздердің адал еңбегіңіз бен кәсібилігіңіз үшін алғыс білдіріп, жаңа жетістіктер тілейміз! - деді ол.
Сонымен қатар, тағы үш әріптесіміз Маңғыстау облысы бойынша Еңбек инспекциясы комитеті департаментінің ұйымдастыруымен өткен іс-шарада марапатталды. Әлібек Еділханов және Оксана Лупинова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Светлана Крюкова Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хаттарына ие болды.
Әріптестерімізге кәсіби шеберлігі мен еңбек қорғау саласына қосқан үлесі үшін рақмет айтамыз. Төл мерекелеріңіз құтты болсын!