07.03.2025 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Радиациялық қорғау және қауіпсіздік бойынша оқу өткізілді

 

       19-25 ақпан аралығында «МАЭК» ЖШС  Оқу орталығында 3502 әскери бөлімінің жеке құрамын «Радиациялық қорғау және қауіпсіздік» тақырыбы бойынша оқыту өткізілді. Оқу  3502 әскери бөлімінің командирі, подполковник Б.Шакаровтың сұрауы бойынша, радиациялық қауіпті объектінің аумағын күзету кезінде қауіпсіздік деңгейін арттыру және «МАЭК» ЖШС орталық өту жолында орналасқан рентгендік тексеру қондырғысын пайдалану мақсатында ұйымдастырылды.

       Оқу барысында зиянды өндірістік фактор болып табылатын иондаушы сәулеленуге байланысты негізгі мәселелер қарастырылды. Мұндай құрылғылармен жұмыс істеу үшін арнайы оқыту қажет. Оқыту бағдарламасына атом физикасы мен дозиметрия негіздері, иондаушы сәулелену көздерін қауіпсіз басқару және радиациялық қауіпсіздік принциптері мен радиациядан қорғау әдістері кірді. Оқу теориялық бөлімнен және тестілеумен қорытындыланған практикалық сабақтардан тұрды.

      Әскери бөлімнің жеке құрамына оқу өткізген Өндірістік қауіпсіздік басқармасының Радиациялық және ядролық қауіпсіздік жөніндегі жетекші инженері Константин Середнюк: «3502 әскери бөлімінің жеке құрамы кәсіпорын  объектілерінде қауіпсіз жұмыс істеуге және рентгендік тексеру жабдықтарын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қажетті білім мен ұсынымдар алды деп ойлаймын»,- дейді.