6-7 ақпан аралығында Маңғыстау облысында "Көктем-2025" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді. Бұл оқу — жаттығулардың негізгі мақсаты - азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін төтенше жағдайлардың алдын алуға және олардың зардаптарын жоюға бағытталған іс-қимылдарға дайындау.
"МАЭК" ЖШС-де өткізілген оқу-жаттығу аясында азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша басшы құрам мен құрылымдық бөлімшелердің дайындықтарын жетілдіру шаралары пысықталды.
Құрылымдық бөлімшелердің алдына қойылған негізгі міндеттер табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қатысты болды.
Оқу-жаттығу барысында БН-350 РҚ-да орын алған шартты өрт Мемлекеттік емес өрттен қорғау қызметі және АСС күштерімен жедел түрде жойылды. Тағы бір жағдайда, ДӨжӨЖСЖЗ-да қатты жауын-шашын салдарынан су құбырына келтірілген зақым жойылды. Сценарийге сәйкес, зауыт қызметкерлері құбырдың зақымданған жерін жөндеп, тез арада оның жұмысын қалпына келтіреді. Сондай-ақ, Желілер мен қосалқы станциялар цехы, ЖЭО-1 және ЖЭО-2 қызметкерлері қолайсыз ауа-райы салдарынан ажыраған электр желілерін жөндеп, тұтынушыларды электрмен жабдықтауды жедел қалпына келтірді. ЖЭС-те машзалдағы шатырдан аққан су және турбина бөлімшесіне кеткен жаңбыр суы энергоблоктың жұмысын тоқтату қаупін тудырып, оның да алдын-алу шаралары жасалды. Оқу-жаттығуға қатысқан жауапты ұйымдар мен қызметтердің барлық әрекеттері үйлесімді жүргізілді.
Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін Республика деңгейіндегі командалық-штабтық жаттығуларды жиі өткізу маңызды.
"Көктем-2025" оқу-жаттығуының нәтижелері "МАЭК" ЖШС қызметкерлерінің де қолайсыз ауа райы жағдайларында, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайын екендігін көрсетті.